Қолы шайнатылған жұмысшы әділдік іздеп отыр
Коллаж: Orda.kz
Алматыдағы «МТЛ Эксперт» ЖШС қызметкері Жәнібек Тұяқбаев жұмыс барысында бұрғылау станогына қысылып, ауыр жарақат алды. Екі жыл бұрын мүгедек болып қалған Тұяқбаев әділдікке жете алмай жүр. Ол еңбек инспекциясына арыз жазбақ. Orda.kz тілшісі баспасөз мәслихатында айтылғандарды тыңдап қайтты.
2023 жылдың 23 қыркүйегінде Жәнібектің киімінің жеңі бұрғылау станогына ілініп, сол қолы ауыр зақымданды.

Қылмыстық іс арыздан кейін тек 3 ай өткен соң ғана қозғалған. Сотта жұмыс беруші Давузовтың кінәсі толық дәлелденіп, оған бір жыл жұмыстан шеттету және мемлекетке айыппұл төлеу жазасы тағайындалды.
«Сотта «МТЛ Эксперт» өкілі Жәнібектің екі жылдық азабын 950 мың теңгеге бағалап, осы соманы ұсынды. Бірақ оған әлі 4 күрделі ота қажет. Бұл операциялардан кейін де денсаулығы толық қалпына келмейді», деді адвокат Инга Иманбай.


Заңгердің айтуынша, Жәнібек тек денсаулығынан ғана емес, екі жыл ішінде табысынан да айырылған. Моральдық шығынды 1 миллион теңгемен өлшеу мүмкін емес.
Жәнібек Тұяқбаевтың құқығын қалпына келтіру үшін еңбек инспекциясына арызданбақшы.
Алматы тұрғыны Жәнібек Тұяқбаев жұмыс берушінің кесірінен мүгедек болды. Ауыр жарақат алған қызметкерге жедел жәрдем шақыруға тыйым салынған. Кәсіпорын заң бұзушылықтарға толы. 80 мың теңге айлықтың 8 тиыны да жұмыскердің шотына түспеген. Бұл салықтан жалтару ма?
Қауіпсіздік талаптарын сақтамаған бұл өндіріс орны 20 жылдан бері қалайша еш тексерусіз жұмыс істеп келеді? Orda.kz тілшісі тек Жәнібек қана емес, басқа да қол-аяғы құрылғыға шайнатылып, тоққа түсіп қалған жұмыскерлер туралы зерттеу жүргізді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық