«Көлігімнің нөмірін есіңде сақтап ал»: Lexus-тың жүргізушісі де жұмыссыз қалды
Фото: Видеодан кадр
Заң бұзғаны үшін айыппұл арқаламаған Lexus автокөлігінің жүргізушісі жұмыстан шығарылды, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде патрульдік қызметкерлер жылдамдықты асырғаны үшін Lexus жүргізушісін тоқтатқан бейнеролик пайда болды. Алайда көлік жүргізушісі полицейлерге агрессивті түрде жауап беріп, оның нөмірін «есте сақтап алу керегін» айтқан. Әрі осы салада 11 жылдық тәжірибесі барын айтып, көлігіне мініп, кетіп қалған.
Қостанай – Әулиекөл – Сурған тас жолында Lexus автокөлігінің тоқтау фактісі бойынша қызметтік тексеру жүргізілді. Кеше полицейлер заң бұзған Lexus көлігіне айыппұл салмағаны үшін жұмыстан қуылған еді. Енді жол талғамайтын көлік жүргізушісінің өзі де жұмыссыз қалды.
"Қызметтік тексеру нәтижелері бойынша Қостанай-Әулиекөл автожолында заң бұзуға жол берген жүргізуші ІІМ академиясының магистратурасынан шығарылды және құқық қорғау органының беделін түсіретін теріс қылық жасағаны үшін ішкі істер органдарынан босатылды», деп хабарлады ведомстводан.
Жаңалықтар
- Алматы облысында 20 келі есірткімен ұсталған екі адам 9 жылға сотталды
- Шавкат Мирзиёев Қасым-Жомарт Тоқаевқа бірқатар тарихи-мәдени құндылығы зор құжат берді
- Адамдарды сиырмен салыстырған «ұстаз-блогер» айыппұл арқалады
- АҚШ пен Иран келіссөздері басталды: Тараптардың талаптары қатаң
- Тоқаев Бұхара қаласына келді: Стратегиялық серіктестік пен одақтастықты нығайту перспективасы талқыланады
- Израиль мен Ливан атысты тоқтату жөніндегі келіссөз күнін белгіледі
- Ұлттық банк валюталық бақылауды күшейтіп, жаңа ереже енгізеді
- Иран мен АҚШ арасындағы бітімгерлік келіссөздер өте ме?
- АҚШ профессоры: Трамп тығырыққа тірелді, Иран әлемді аузына қаратып отыр
- Тоқаев Трампқа «Артемида-2» миссиясы ғарышты игерудегі тарихи кезең екенін айтты
- Қостанай облысының тергеудегі экс-шенеунігіне қандай айып тағылды?
- Еуразиялық даму банкі Қазақстан экономикасына қанша қаржы құйды
- Тегеранға жасалған соққылар кезінде жараланған Хаменеидің кеңесшісі көз жұмды
- 25 млн теңге талап еткен: Жетісу облысында бұрынғы жігітін бопсалаған бойжеткен ұсталды
- Еліміздің әртістері миллиардтаған табыстан қағылып келген
- Тоқаев Азия чемпионатында табысты өнер көрсеткен Қазақстанның ұлттық бокс құрамасын құттықтады
- Тоқаев «Әл-Фараби» орденін енгізуді ұсынды
- Құрылтай сайлауы тамыз айында өтеді
- Қостанайда ер адам тұрғындарды алдап, аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін сотталды
- Импортқа тәуелділік қашан азаяды? Мәжілісте мұнай-газ мәселесі көтерілді