Полицейлер заң бұзған Lexus көлігіне айыппұл салмағаны үшін жұмыстан қуылды
Фото: Видеодан кадр
Қостанай облысында полицейлер Lexus көлігін тізгіндеген жүргізушіге айыппұл салмағаны үшін жұмыстан шығарылды, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде патрульдік қызметкерлер жылдамдық асырғаны үшін Lexus жүргізушісін тоқтатқан бейнеролик пайда болды. Алайда көлік жүргізушісі полицейлердің өздеріне тап беріп, оның нөмірін «есте сақтап алу керегін» айтқан. Әрі осы салада 11 жылдық тәжірибесі барын айтып, көлігіне мініп, кетіп қалған.
Қостанай – Әулиекөл – Сұрған тас жолында Lexus автокөлігінің тоқтау фактісі бойынша қызметтік тексеру жүргізілді. Жүргізуші жылдамдық режимін асырған. Бірақ патрульдік полиция қызметкерлері оны жауапқа тартпаған. Тәртіптік комиссияның шешімімен екі инспектор да шара қолданбағаны үшін жұмыстан шығарылды.
Құқық бұзушының жауапкершілігі туралы мәселе жеке тексеру қорытындылары бойынша қаралатын болады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық