Көкшетаудағы мүгедектік ала алмай жүрген әйелге қатысты әкімдік жауап берді
Фото: instagram / Даниярбек Нұрсейітов
Көкшетау қаласының «Қызылжар ауылдық округі әкімінің аппараты» 19 қарашада Orda.kz сайтының арнайы сауалына жауап берді.
Orda.kz бұған дейін Ақмола облысындағы 85-тегі қарт анасы мен жасөспірім баласы бар, көктемде ауласын су басқан соң, көк сасыған, сыз үйде тұрып жатқан жалғызбасты әйел туралы жазған болатын.
Редакциямызға хабарласқан Гүлзира Рамазан үйін көк басып, сыздан өзінің ауру болғанын жеткізген. Оның сөзінше осы суық пен сыздан ауырып, ауруханаға бірнеше рет жатып шыққан. Қазіргі кезде сыздан өкпесі зақымданған әйел мүгедек ретінде тіркеле алмай жүр. Жалғызбасты Гүлзира Рамазанның қарауында 85 жастағы қарт анасы мен 12 жасар баласы бар.
Әкімдік мәліметіне қарасақ, 6 қарашада жүргізілген медициналық комиссия дұрыс тексеру жүргізе алмаған, себебі науқас теріс пікірде болып, тексеру бөлмесінен шығып кеткен. Бұл жайлы Гүлзира Рамазан өзі де айтқан болатын. Содан пациентке аллергологқа консультацияға бару және қосымша тексерулерден өту ұсынылды.
Сонымен қатар, Қызылжар ауылдық округінің әкімдігі мүгедектік рәсімдеуде ешқандай қысым болмағанын атап өтті, өйткені бұл процесс жергілікті әкімдіктің емес, денсаулық сақтау басқармасының құзыретінде.
Ал әлеуметтік көмек бойынша, Гүлзира Рамазанға табиғи апат салдарынан көмек көрсетілгендігі айтылды.
Алайда қазіргі тұрып жатқан үйінің тексеріліп жатқаны жайлы дерек айтылмады. Бұған дейін Гүлзира Рамазан үйін тексеріп адамдардың келгені жайлы хабарлаған болатын.
Еске сала кетсек, ол көктемде үйінің ауласын су алғаннан кейін жағымсыз иіс пен көк басып, сыз болып, өзінің ауру болып қалғаны жайлы айтқан еді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық