Көкшетауда алаяқтар ЖОО оқытушысын тақырға отырғызып кетті
Фото: freepik.com
Көкшетауда жоғары оқу орындарының бірінің оқытушысы интернет-алаяқтарға алданып, 7,6 миллион теңгесінен бір сәтте айырылып қалды, деп хабарлайды Orda.kz.
Жәбірленушінің айтуынша, барлығы телефон қоңырауынан басталған. Өзін оқу орнының заңгері ретінде таныстырған белгісіз адам оның жеке ісіне құқық қорғау органдары қызығушылық танытқанын айтқан. Кейін жақын арада өзге адамдар хабарласатынын мәлімдеген. Алаяқтар «жалған қызметкерлер» схемасы бойынша әрекет еткен. Тексеріс болатынын айтып, «қаражатты қауіпсіз шотқа аудару» керегін ескерткен. Алаяқтар қысым көрсетіп, бұл туралы ешкімге тіс жармауды тапсырған.
Ақпаратты тексермеген оқытушы екі банктен несие рәсімдеп, алтын әшекейлерін ломбардқа өткізген. Түскен барлық қаржыны телефон арқылы айтылған шоттарға аударған. Келтірілген жалпы шығын көлемі 7,6 миллион теңгеден асты.
Алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде. Тергеумен Ақмола облысының киберполиция қызметкерлері айналысып жатыр.
Оқи отырыңыз:
- Алматыда 8 жыл бойы заңсыз инвестициялық қызметпен айналысқан алаяқ қолға түсті
- Алаяқ 700 мың теңгеге мүгедектігін тіркеймін деп уәде берген
- Алаяқ аула сыпырушының атына несие рәсімдеген
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық