«Көкірегіне 1,5 литр қан жиналған»: Шерзаттың сотында Тахир Халимназаров сөз сөйледі
Фото: Видеодан кадр
Шерзат Полаттың өліміне қатысты өтіп жатқан сот процесіне тәуелсіз сот-медицина сарапшысы Тахир Халимназаров қатысты. Ол бұған дейін марқұм Салтанат Нүкенованың ісі бойынша сараптама жасаған еді. Бұл жолы ол сотқа жәбірленуші тараптың шақыртуымен келді, деп хабарлайды Orda.kz.
Сарапшының айтуынша, егер алғашқы медициналық көмек уақтылы көрсетілгенде, Шерзаттың өмірін сақтап қалуға болар еді. Ол бұл пікірін сот отырысы кезінде қорғаушы тарап қойған сұрақтарға жауап бергенде айтты.
Сараптама қорытындысы бойынша, марқұмның көкірек қуысында 1,5 литр қан жиналған. Бұл – адам ағзасы үшін өте қауіпті көлем. Сот-медицина саласының маманы Тахир Халимназаровтың айтуынша, Шерзат Полаттың қанша уақыт тірі болуы мүмкін екенін нақты айту қиын. Оның сөзінше, бұл тек болжам ретінде ғана қарастырылады.
«Адамның өмір сүру ұзақтығы жарақат алғаннан кейін көптеген факторға байланысты. Соның ішінде дене бітімі, жарақаттың тереңдігі мен көлемі, қанның жоғалу мөлшері маңызды рөл атқарады. Әркімнің ағзасы қан кетуге әртүрлі реакция береді», — деді ол.
Сарапшының айтуынша, ағза 500-600 мл қан жоғалтқаннан кейін-ақ есінен тануы мүмкін. Алайда, егер 1 литрге жетпей тұрып медициналық көмек көрсетілсе, адамды аман алып қалуға болатын еді.
«Мұндай жағдайда, басты қауіп – қанның көп мөлшерде ағуы. Егер дер кезінде көмек көрсетілмесе, қан тоқтатылмаса және жедел медициналық араласу болмаса, ағза мұндай жүктемеге төтеп бере алмайды», — деді сарапшы.
Жарақаттарының көбі өмірге қауіп төндірмейтін болған.
Сот-медицина сараптамасы барысында анықталған ақпаратқа зер салсақ, денедегі басқа жарақаттар – көз айналасындағы көгерулер, басындағы және саусақ араларындағы жаралар өмірге қауіп төндірмеген. Сарапшының айтуынша, бұлар тек физикалық ауырсыну тудыратын, теріге түскен жеңіл жарақаттар ретінде сипатталады.
«Бұл сыртқы жарақаттардың ешқайсысы ішкі қан кетуге себеп бола алмайды. Олар теріде ғана болған. Шын мәнінде өмірге қауіп төндірген және өлімге себеп болған жалғыз жара — көкірек тұсынан салынған пышақ. Дәл осы жараның нәтижесінде ағзада көп қан жоғалып, қайғылы жағдай болды», — деді сарапшы Халимназаров.
Еске сала кетсек, Талдықорған маңында жер сілкінісі болып, Шерзат Полат ісі бойынша сот отырысы уақытша тоқтатылды. Сілкініс қуаты 4,6 бал болды. Осы оқиғаға байланысты Шерзат Полатты өлтіру ісі бойынша өтіп жатқан сот процесіне үзіліс жарияланды. Сол сәтте сот залында танымал сот-медицина сарапшысы Тахир Халимназаров сөз сөйлеп жатқан еді.
Тахир Халимназаров бұған дейін де қоғамда үлкен резонанс тудырған істердің бірі – жұбайының қолынан қаза тапқан Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты сотта куә ретінде қатысқан болатын. Ол кезде де сарапшы марқұмның жарақаттары бойынша кәсіби пікірін айтқан еді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық