Көк шабадандағы миллион доллар: Бишімбаевтың анасы мен қарындасы сотта куәлік етті
Фото: Orda.kz
Сотта жәбірленуші ретінде Қуаныш Бишімбаевтың анасы Альмира Нұрлыбекова куәлік етті. Нұрлыбекова өзінің туысқанына миллион доллар көлемінде алаяқтық жасады деген айып тақты, деп хабарлайды Orda.kz.
Сот отырысына Альмира Нұрлыбекова жалғыз келген жоқ, ол көмекшісімен бірге келді. Сотқа заттай дәлел ретінде бір миллион доллар салынған көк шабаданды да ала келген. Нұрлыбекова оны сот алдында жауап берер кезде ала шықты.
Зардап шеккен тарап қылмыстық іс шеңберінде азаматтық талап арыз берген. Олар сотталушы Қуаныш Бишімбаевтың немере ағасының әйелі Бекзат Кемелованы — алаяқтық жолмен ұрлаған 990 мың долларды қайтаруға міндеттеуді сұрайды, айта кетерлігі сол сәттегі валюта бағамы бойынша — 453 182 400 теңге болған.

Альмира Нұрлыбекова жауап беру барысында Салтанат Нүкенованың өлімі болған күнді еске алып, көз жасына ерік берді. Оның айтуынша, Кемелова сол кезде олардың үйіне күн сайын келіп жүрген екен. Антикордың тергеу бөлімінде туысы барын айтқан Кемелова, Нұрлыбекова мен Уәлихан Бишімбаевқа есімі қылмыстық істерді тергеу басталған кезде тіркелетін ресми электрондық базасына енгенін айтқан. Сонымен қатар, барлық туыстары тыңдалып жатқанын, бәрі де арнайы бақылауда екенін және көп ұзамай үйге тінтуге келетінін айтыпты. Сондықтан ақша мен құнды дүниелерді уақытша жасыру керек деп үгіттеген.
Дүние-мүлік пен қомақты қаражатты жасыру - жақын туыстың біреуіне сеніп тапсыру дегенді білдіреді. Ал туыстардың бәрі құқық қорғау органдарының тарапынан бақылауда болған соң Кемеловтар өздерінің ол тізімде жоқ екенін жеткізген.
Нұрлыбекованың айтуынша, Бишімбаевтар мен бұл отбасының қарым-қатынасы негізінде сенімді болған екен. Тіпті Қуандық Бишімбаев министр болып алғаш рет қылмыстық іске тап болғанда көмекке дәл осы Қайрат пен Бекзат Кемеловтарға жүгінген.
Айта кетейік, Қуандық Бишімбаев алғаш рет қылмыстық жазаға тартылғанда, 2018 жылғы 14 наурызда оған 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған, ал 2019 жылғы 25 қыркүйекте ол шартты түрде мерзімінен бұрын босап шыққан.
«Сол кезде менің де, күйеуімнің де үстінен ешқандай іс қозғалмаған еді. Бірақ мен банкке несие алғанда, сол несие бұғатталып, ұлымның ісіне тіркелді. Біз сол кезде қауіптендік, үйде құнды заттарымыз болды, сондықтан өз ақшамыз бен құнды дүниемізді дәл Кемеловтарға сеніп тапсырдық, және бәрін бір жыл бойы олардың үйінде сақтадық», – деді Альмира Нұрлыбекова.
Қуандық Бишімбаевтың анасы ол жолы қанша жүз мың доллар жасырғанын нақтыламады. Соттағы жауап алу кезінде Альмира Нұрлыбекова үйдегі сейфтен әрқайсысы жүз мың доллар салынған он банктық бума шығарып, бәрін сол көптен күткен көк шабаданға өз қолымен салып бергенін баяндады.
Оның сөзінше, ол Кемеловаға соншалық сенгендіктен, ақша алғаны туралы қолхат сұрау ойына да келмеген. Айта кетерлігі, Нұрлыбекова өз сөзінде бизнес саласының талай бағытын игеріп, мол тәжірибе жинап, табыс тауып келгенін ұзақ түсіндірді.
«Бір сәтке де күмәнданбай бар ақшаны қолына ұстаттым. Мүмкін Бекзат Кемелованың сондай бір қасиеті бар шығар — адамды сендіріп, өз дегеніне көндіре алатын», – деп болжам жасады сотта жәбірленуші.
Алайда, бар ақшаны Кемелованың қолына ұстатқанда Нұрлыбекованың жүрегі бір нәрсені сезгендей шабаданда жатқан 1 млн доллардан тым болмаса сейфте бір нәрсе қалсын деп он мың доллар алып қалған. Сөйтіп, айыптауда көрсетілгендей, туысына тек 990 мың «жасыл ақша» берген.
Ақшаны алғаннан кейін, Нұрлыбекованың сөзінше, туысы үйге келуін сирете бастапты. Ал тамыз айында, ақшаны қайтаруы тиіс кезде, ол долларлардың «Америкаға кетіп қалғанын» жеткізген. Яғни, Бекзат Кемелова бұл қаражатты өзінде сақтамау үшін қандай да бір «сенімді адамға» беріп жіберген, ал ол кісі АҚШ-қа ұшып кеткен көрінеді.
Нұрлыбекованың айтуынша, Кемелова ақшаны 2024 жылдың тамыз айының соңында қайтарамын деп уәде берген, бірақ ол уәдесі де орындалмады. Одан кейінгі 990 мың долларды қайтарып алу әрекеттері де нәтиже бермепті. Тіпті, туысына ұрлықтың күнәсі туралы Құран сүрелерін жіберсе де ол Кемелованың ар-намысы мен ұятына дым да әсер етпепті.
Нұрлыбекованың айтуынша, алғаш рет Бишімбаевтардың ақшасы мен құнды заттарын сақтауға алған кезде, туыстары бәрін қайтарып бергенінің себебі – Қуандықтың түрмеде ұзақ отырмайтынын білген болар.
«Олар ол кезде ұлымның ертерек бостандыққа шығатынын білді. Қуандық екі жарым жыл отырып, босап шықты. Олар содан қорыққан. Ал бұл жолы ұлымды ұзақ мерзімге түрмеге жібергенін көрді, бізге – қарттарға ара түсетін ешкім жоқ екенін білді, сөйтіп біздің мүлкімізді пайдаланып қалуға шешім қабылдады», – деді Альмира Нұрлыбекова.
Куәлік беру барысында ол жылап та алды, туыстарын «аш жыртқышқа» теңеп, ал Бекзат Кемелованы «сатқын» деп атап, оның басқа да қылмыстық ниеттері болуы мүмкін екенін айтты. Ақырында судья процеске қатысушылардан қорлайтын сөздерден аулақ болуды сұрады.
Нұрлбыекова 1 млн доллар табу үшін қандай еңбек етті?
Айлакер туысы Бишімбаевтардың ақшасын қалай «жымқырғаны» туралы әңгімені тыңдағаннан кейін, процеске қатысушылар Альмира Нұрлыбековаға сұрақ қоя бастап, жайттарды нақтылай түсті. Бишімбаевтар үйінде банктық қаптамада тұрған миллион доллардың қайдан пайда болғаны туралы сұрақ та болды.
Қуандық Бишімбаевтың анасы адвокаттардың қиын сұрақтарына дайын келіпті. Ол сенімді түрде бұл ақшаны адал еңбегімен тапқанын айтты.
«Мен 1993 жылдан бері бизнеспен айналысамын. 2002 жылдан бастап жеке кәсіпкермін. Қызылордада көтерме саудамен шұғылдандым. Ол кезде біз институтта жұмыс істедік, көптеген аспиранттарымыз Мәскеуде оқыды, ал Қызылордада жағдай өте қиын еді. Біз оларға ақша жіберетінбіз, қасымда тағы үш құрбым болды, солармен еңбек еттік. Ал олар бізге кәмпит, мандарин, апельсин салып жіберетін. Біз оны Қызылорда базарына шығарып сататынбыз», – деп бөлісті Нұрлыбекова.
Содан кейін түпкілікті бизнес ретінде шуба тігуге арналған қаракүл терілерін жеткізу ісін бастаған. Оның айтуынша, осы көтерме саудадан алғаш капитал — 400 мың доллар пайда болған.
«Содан кейін мен өзімнің жер үйімді және екі қабатты үйімді саттым, 2006 жылы ғимарат сатып алып, мектеп аштым. Кейін оны жаптым да, инвестормен бірге университет аштым. Сол ғимаратты кейін миллион долларға саттым», – деді Нұрлыбекова.
Шымкентке көшкеннен кейін, онда да «көптеген бизнес жүргізген». шашатараз, аспаздар және етікші-мамандықтарын қайта даярлау курстарын ашып, стоматологияға арналған химиялық таза кальций өндірісін бастаған, тойхана және брендтік киім дүкені де болыпты.
«Мен өте ауқымды бизнеспен айналыстым. 2016 жылы республика бойынша заңдастыру кезінде осы ақшаның шығу тегіне қатысты құжат алдым. 2017 жылы Антикор бір тиынға дейін тексеріп, біздің барлығын адал еңбекпен тапқанымызды анықтады», – деп мәлімдеді Қуандық Бишімбаетың анасы.
Қазіргі уақытта, оның айтуынша, ол өзіне тиесілі «Сапа-логистика» компаниясынан дивиденд алады. Осыншама ауқымды бизнес-тарихты тыңдаған прокурор Ақтөре Беріков Бишімбаевтар үйінде миллион доллар қалай пайда болғанын тікелей сұрады. Ал Нұрлыбекова бұл ақшаны өзі жинағанын түсіндірді.
«Бизнес арқылы ақша келеді, мен банкке барып, оны долларға айырбастаймын. Сіздер білесіздер, біздің теңге тұрақсыз. Банкте айырбастап, 50 мың, 100 мың доллар алып, үйге әкелемін. Бұл ақша әр кездері жиналып, біздің үйде тұрды», – деді ол.
Сонымен қатар, бұл ақшаның үйде қолма-қол тұрғаны Бишімбаевтарға қомақты несиелерді төлеуге қажет болғандығымен түсіндірді.
«Менің ақылды, білімді ұлым»
Альмира Нұрлыбекова Кемеловтың жеке кек алу мотиві туралы қорғаушы тараптың нұсқасын толық жоққа шығарды.
Бұған дейін адвокат Игорь Вранчев сотта Бишімбаевтарға кек алу мотивін дәлелдейтінін айтқан еді. Қайрат Кемелов бұрын сот-медициналық сараптамада жұмыс істеген, бірақ Салтанат Нүкенованың өлімі бойынша сараптамалық қорытындыны Бишімбаевқа тиімді етуге көмектесуден бас тартқанын айтқан еді.
«Мен ант беремін, мұндай болған жоқ, мен сараптама бойынша оларға ешқашан жүгінген емеспін», – деді Альмира Нұрлыбекова.
Сонымен қатар ол Қуаныш Бишімбаевтың есінен адасқаны туралы психдиспансерден анықтама алу әрекеті туралы нұсқаны да жоққа шығарды.
«Сіздер елестетіп көріңіздерші, маған ол анықтама не үшін керек? Мен ешқашан өзімнің ақылды, білімді ұлымның санасы толық не дені дұрыс емес немесе психикалық ауру деп тануға дейін төмен түспейін. Өйткені ол олай емес», – деп мәлімдеді ол.
Бірақ Бекзат Кемелова да сотта алаяқтық жасағанын мойындамады және азаматтық талаппен келіспейтінін айтты.
Тараптарды тыңдап болған соң куәгерлерді сұрау басталды, алайда сот журналистерге олардың жауаптарын жариялауға тыйым салды. Куәгер ретінде Қуаныш Бишімбаевтың қарындасы Аружан Бишімбаева және оның әжесі Уалихан Бишімбаевтың әпкесі Гаухар жауап берді.
Айта кетейік, Бекзат Кемелова Уалихан Бишімбаевтың туыс ағасының әйелі ҚК 190-баптың 4-бөлімі, 2-тармақшасы — «Аса ірі көлемде алдау» бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп айыпталуда.
Жаңалықтар
- Ақтөбе облысында өгей әкесі зорлаған қыз бала тағы да зорлыққа ұшырады
- «Мемлекеттік тілде сөйлеуді талап ету — қылмыс емес»: Мирболат Мырзатайұлы не үшін сотталды?
- Өзбекстанда жасөспірімді жезөкшелікке мәжбүрлеген 21 жастағы қыз ұсталды
- Иманғали Тасмағамбетов «Бітімгерлер» тізіміне енгізілді
- Көк шабадандағы миллион доллар: Бишімбаевтың анасы мен қарындасы сотта куәлік етті
- Димаш Құдайбергенге арнап Германия әуежайында күй шертілді
- Қарғалыда Болат Назарбаевтың туысының үйін тонап кетті
- Жаңа куәгерлер келеді: Ілияс Сәриев «сүттен ақ, судан таза» екенін дәлелдеуге тырысып жатыр
- Ата-анасының «жаназасына» ақша жинаған астаналық тергеуге алынды
- Алматы облысында Қытай елінің туын өртеген 12 адам қамауға алынды
- Қосшы қаласы әкімінің орынбасары қазақша сөйлеуден бас тартты
- Қырғызстанда енді ойын-сауық мекемелері 22:00-де жабылып, 22:10-да жарығы өшеді
- «Қолы байлаулы адам өзіне қол жұмсай ма?»: Арман Дүйсеновтің жұбайы Тоқаевтан араша сұрады
- Тоқаев судьялар қатарында жүрген алаяқтар мен жемқорларды жұмыстан шығарды
- «Бәс тігіп, түрмеге төбелеске апарған»: 26 жарақат алған сарбазды офицерлер қалай өлтірген?
- «Алматыдағы ресейлік кәсіпкердің сұмдық өлімі»: Хасан қылмыстық тобының мүшесі 17 жылдан соң қолға түсті
- «Жұмысынан айырылды»: Қарағандыдағы полиция бекетінде ес-түссіз табылған майор ауруханадан шықты
- Алматыда электр желісінде ақау шығып, бір аудан жарықсыз қалды
- Тоқаев Путинге алғыс айтып, хат жолдады
- Астанадағы тұрғын үй кешенінде лифт кенеттен құлап, бір адам қаза тапты