Көбейтұз көлі ерекше қорғалатын аумақтар қатарына қосылады
Фото: Әлеуметтік желіден
Ақмола облысындағы елордадан шамамен 160 шақырым жерде орналасқан әйгілі Көбейтұз көлі президент тапсырмасымен ерекше қорғалатын табиғи аумақ мәртебесіне ие болады, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл үшін Бұйратау ұлттық паркі аумағы кеңейтіліп, оның құрамына көлдің акваториясы енгізіледі. Билік осылайша көлдің бірегей экожүйесін сақтауды көздеп отыр.
Сонымен қатар, су айдыны маңында абаттандыру жұмыстары жүргізіледі. Жағалау аумағында автотұрақ пен бақылау алаңы салынып, туристерге табиғатқа зиян келтірмей көлді тамашалауға жағдай жасалады.
Жұмыс жүргізілген кезеңде көлге кіру шектеледі.
«Жағалау сызығына жақындауға және ұсынылған аймақтан тыс аумақта болуға тыйым салынады. Кіру орындарында тәулік бойы бекеттер қойылып, аумақты полиция мен уәкілетті органдар бірлесіп патрульдейді» деп жазылған өңір әкімдігі хабарламасында.
Бұған дейін мамандар көл суына зерттеу жүргізген. Сараптама нәтижесінде аммиак, аммоний азоты, хлоридтер, мышьяк және сульфаттар сияқты бірқатар заттардың шекті мөлшерден асқаны анықталған.
Көбейтұзда суға түсуге және жағалаудан тұз жинауға тыйым салынған.Туристер көлдің түбінен қызғылт тұз жинап, оны интернетте бір келісін бес мың теңгеге дейін бағалап, сатады. Бұл көлдің бірегей экожүйесіне айтарлықтай зиян келтіріп жатқаны сөзсіз.
Біз былтыр тұз сатқыштар атақты Көбейтұз көліне қауіп төндіріп отырғанын жаздық. 2025 жылдың жазында билік интернетте сату үшін тұз жинаған туристерге қатысты бақылауды күшейткен болатын.
Көбейтұз көлі — ағынсыз тұзды көл. Аумағы — 690 гектар, тереңдігі — 1,5 метрге дейін. Көл Ақмола облысының Ерейментау ауданында орналасқан.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық