Ким Чен Ын беделді лауазымына қайта сайланды
Фото: Depositphotos.com
Қазіргі уақытта Солтүстік Кореядағы ең жоғарғы саяси күш саналатын Корея Халық Демократиялық Республикасы Еңбек партиясының бас хатшысы қызметін атқарып отырған Ким Чен Ын бұл қызметке қайта сайланды, деп хабарлайды Orda.kz Кореяның орталық ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Қаулының толық мәтінінде Ким Чен Ынның өз қызметіне қайта сайланғаны жазылған.
«Осы съезд КХДР Еңбек партиясының ең жоғары қызметіне жолдас Ким Чен Ынды қайта сайлау туралы құрметті ұсынысты толық қолдап, мақұлдады. Бұл — кейінгі бес жылдық күрес кезеңіндегі тарихи жетістіктерге берілген баға», - деп жазылған қаулыда.
Сондай-ақ қаулыда бұл шешім «бүкіл халықтың еркі мен таңдауы нәтижесінде» қабылданғаны айтылған.
Корея Еңбек партиясының бас хатшысы – КХДР-дағы ең жоғары басшылық лауазым. Бұл қызмет партияны ғана емес, тұтастай мемлекетті басқаруға мүмкіндік береді. Бұл қызметті алғаш болып КХДР-дың негізін қалаушы Ким Ир Сен атқарды. Кейін оны оның ұлы Ким Чен Ир иеленді.
Ким Чен Ир 2011 жылы қайтыс болғаннан кейін, оның ұлы Ким Чен Ын осы орынға жайғасты.
2016 жылы партияның хатшылығы таратылған соң, ол партияның атқарушы саяси кеңесінің төрағасы болды. Кейін кеңес қайтадан өзгертіліп, КХДР басшысы бас хатшы қызметіне тағайындалды.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық