«Қазір оған қысым жасау керек» – Зеленский Путин туралы ашық айтты
Фото: Zelenskiy / Official
Украина Президенті Владимир Зеленский Ресей Президентінің әскери қақтығыстарды тоқтату шарттарына қатысты айтқан сөздерін «айлакерлік және айдан анық» деп бағалады. Оның пікірінше, қазірдің өзінде Путин майдандағы тыныштық идеясынан бас тартуға дайындалып жатыр, деп хабарлайды Orda.kz.
Зеленскийдің айтуынша, Ресей басшысы Трампқа соғысты жалғастырғысы келетінін ашық айтудан қорқады.
«Сол себепті Мәскеуде бұл «ымыраға келу идеясын» түрлі шарттармен айналдырып, оны не мүлде іске аспайтындай, не барынша ұзаққа созылатын етіп көрсетіп отыр. Путин мұндайды жиі істейді – тікелей «жоқ» деп айтпайды, бірақ процесті әдейі созбақтайды. Біз үшін бұл – Ресейдің кезекті айла-тәсілі», деп жазды Украина Президенті өз Telegram арнасында.
Ол АҚШ-тың бейбіт келісімді бақылау және растау механизмдерін ұйымдастыруға дайын екенін, әрі америкалық және еуропалық мүмкіндіктердің бұған толық жеткілікті екенін атап өтті. Сондай-ақ, Зеленский «ымыраға келу кезеңінде соғысты аяқтаудың нақты жоспарын дайындап, талқыға салуға болады» деді. Украина бұл үдерісте барынша жылдам әрі тиімді жұмыс істеуге әзір екенін білдірді.
«Біз қандай да бір шарт қойып, мәселені қиындатпаймыз. Керісінше, мұны Ресей жасап отыр. Путин бұл соғысты күнде жалғастырып келеді. Қазір оған қысым жасау керек. Шынайы нәтиже беретін санкциялар енгізу қажет. Біз америкалық және еуропалық серіктестерімізбен, сондай-ақ әлемде бейбітшілікті қалайтын барлық елмен бірлесіп, Ресейді соғысты тоқтатуға мәжбүрлеу үшін жұмыс істей береміз», – деп мәлімдеді Зеленский.
Еске сала кетсек, кеше Владимир Путин алғаш рет Украинамен уақытша бітімге келу туралы пікір білдірді. Ол 30 күнге соғысты тоқтату келісімі – жақсы бастама екенін, бірақ талқылауды қажет ететін тұстары бар екенін айтты.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық