Ресей Украинамен 30 тәулікке бітім жасасуға дайын — Владимир Путин
Фото: Kremlin.ru
Владимир Путин Ресейдің Украинамен 30 тәулікке бітім жасауды қолдайтынын айтты, деп хабарлайды Orda.kz.
Ресей президентінің айтуынша, ең маңыздысы – осы уақыт аралығында қандай қадамдар жасалатыны.
Сонымен қатар, ол бітім кезінде Украина мобилизация жүргізбейтініне, әскери дайындық жасамайтынына және қару-жарақ сатып алмайтынына кепілдік беруді талап етті.
«Курск облысы толықтай Ресейдің бақылауында.Украина әскері қоршаудан шыға алмайды», — деді Владимир Путин Беларусь президенті Александр Лукашенкомен кездесуден кейінгі бірлескен баспасөз мәслихатында.
Ресей президенті атысты тоқтату кезінде бақылау және тексеру мәселелері әлі де түсініксіз екенін айтты. Ол Украинадағы екі мың шақырымдық байланыс сызығында атысты тоқтату бұзылуын бақылауды өте күрделі мәселе деп санайды.
«Бітімгерлік идеясы дұрыс, бірақ талқылауды қажет ететін мәселелер бар, оның ішінде АҚШ-пен де», — деді Владимир Путин.
Сондай-ақ, ол Трампқа қоңырау шалып, келісімге келу мүмкіндігін қарастыруға дайын екенін жеткізді.
Президенттің көмекшісі Юрий Ушаковтың айтуынша, Владимир Путин бүгін кешке АҚШ президентінің арнайы өкілі Стив Уиткоффпен жабық есік артында кездеспек.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық