Қажылыққа барарда сенімді туристік фирманы қалай таңдауға болады
Фото: Pixabay.com
Қазақстандық қажыларға туристік агенттіктер арқылы умра мен қажылық ұйымдастыру кезінде компания таңдауда өте сақ болуға кеңес беріледі, деп хабарлайды Orda.kz.Төменде Қазақстан Ішкі істер министрлігінің алаяқтардың құрбанына айналмау және ақша жоғалтпау туралы ұсыныстары берілген.
Компанияның лицензиясы мен беделін тексеріңіз
Мұндай сапарларды ұйымдастыратын ресми туристік компаниялардың мемлекеттік лицензиясы болуы керек. Тұтынушы пікірлерін мәндетті түрде қарап шығыңыз. Туроператорлар әрбір туристке жол жүру кодын беруі керек.
Тым төмен бағаға елікпеңіз
Егер ұсыныс тым тартымды болып көрінсе, бұл алдап адам тартудың құйтырқы жолы болуы мүмкін. Әртүрлі туристік агенттіктердің бағаларын салыстырыңыз және құны нарықтағы бағаларға сәйкес келетініне көз жеткізіңіз.
Құжаттар мен келісім-шарттарды тексеру қажет
Барлық келісімшарттарды оларға қол қоймас бұрын мұқият оқып шығыңыз. Ұсақ жазуларға назар аудару болашақта жағымсыз тосынсыйларды болдырмауға көмектеседі. Түсінбеген нәрсе болса, маманмен кеңесуден тартынбаңыз.
Байланыс мәліметтеріне назар аударыңыз
Сенімді туристік агенттікте әрқашан байланыс телефондары, электрондық поштасы және нақты мекенжайы болады. Алаяқтар нақты байланыс ақпаратынсыз виртуалды беттердің артына тығылып алады.
Экскурсия бағдарламасын егжей-тегжейлі зерттеңіз
Турдың бағасына не кіретінін біліңіз (ұшу, тұру, көлік, тамақтану, медициналық сақтандыру және басқа қызметтер). Барлық қажетті шығындар есепке алынғанына және жасырын төлемдердің жоқтығына көз жеткізіңіз.
Orda.kz бұдан бұрын биылғы жылдың 7 қаңтарында Qazaq Umma туристік агенттігінен билет сатып алған 38 қазақстандық қажы қиын жағдайға тап болғанын: белгілі бір уақытта олардың Мәдинаға барып алып, баспанасыз қалғанын, ал тағы бір топ Қазақстан Республикасы консулдығының көмегімен ғана еліне оралғанын жазған. Толығырақ мына жерден оқыңыз.
Жаңалықтар
- Израиль президенті Ицхак Герцог Қазақстанға ресми сапармен келді
- Сотталған блогер Жанәбіловтер амнистияға ілінуі мүмкін
- Астанада LRT-мен жүруге арналған жеңілдік картасын кімдер ала алады?
- Ерлі-зайыпты блогер Жанәбілевтерге сот үкімі шықты
- 1 мамыр — бірлік символы: Қазақстан халқын біріктірген мереке қалай пайда болды?
- Тоқаев Оңтүстік Африка халқын бостандық күнімен құттықтады
- «247,6 млн теңге көлеміндегі шығынды толық өтеген»: Жанәбіловтер тергеумен келісімге келді
- Румынияда әйелдерді өлтіргендер өмір бойына бас бостандығынан айырылады
- Депутат Базарбек эмоциясын тежей алмай, «Болашақ» жүйесін қатаң сынға алды
- Қазақстанның жоғары білім саласында миллиардтаған шығын анықталды
- Мәжілісте түлектерді жұмыспен қамту туралы мәлімет сынға ұшырады
- Қылмыстық іс қозғалды: Желтоқсан оқиғасына қатысқандарды балағаттаған әйел полицияға жеткізілді
- 1 мамырдан бастап не өзгереді: Төлемдер, маусымдық шектеулер және емтихан кезеңі
- Тоқаев Нидерландтың ұлттық мерекесімен құттықтады
- ІІМ банк арқылы болатын алаяқтықтың жаңа түрін ескертті
- Тәрбиеші ұрған баланың ата-анасы арыз жазудан бас тартқан
- Қазақстандықтардың деректерін сатқан: Астана мен Алматыда қылмыстық топ құрықталды
- Атырау облысы әкімінің орынбасары каратэден әлем чемпионы атанды
- Трамп қатысқан кездесудегі атыс: Шабуыл туралы не белгілі?
- Таяу Шығыс бойынша келіссөз өткізу алаңы ретінде Түркістан ұсынылды