Түркістанда жол бойына салынған жаңа дәретханалар жарамсыз болып шықты
Түркістан облысында көшедегі әжетханаларға қатысты жанжал шықты. КТК телеарнасының мәліметінше, жақында жол бойында заманауи модульдік әжетханалар пайда болды. Бірақ олар жарамсыз болып қалған. Көптеген дәретханалар бұзылғандықтан, қазір оларды пайдалану мүмкін емес.
- Дәретхана істегеніне істеген-ау, бірақ дәрет шығаратын жері жоқ. Кіріп көрем, болмайды бұл. Былтыр есігі бар еді, қазір есігі де жоқ. Қарайтын адам жоқ. Қараусыз. Кім қарайды бұған? Үкімет қарамайды, басқа қарамайды. Бұл қарапайым халықтың есебінен салынған нәрсе. Дәрет сындырасың, арт жағына. Мынаның ішіне сындыра алмайсың ғой. Өзіңіз кіріп көріңіз, қалай екен, - дейді Келес ауданының тұрғыны Әлібек Құралов.
Жергілікті тұрғындардың пайымдауынша, билік үкіметтің ақшасын желге ұшырған. Бірақ шенеуніктер жол жиегіндегі дәретханаларды орнатқанда ең алдымен азаматтардың жайлылығын ойлағанын айтады. Құрылымдар толық көлемде пайдалануға беріліп, тіпті ауыл әкімдіктері қарайды деп жоспарлаған. Шенеуніктер дәретхана қауіпсіздігін қадағалайтындарды міндетті түрде табамыз деп уәде берді.
- Қараусыз қалған әжетханалар бойынша тиісті ұсыныс хаттар жолданған. Ауыл округі әкімдері тарапынан, Келес ауданы әкімшілігі тарапынан және қазір «Қазавтожол» қоғамдастығының теңгеріміне өткізуге тиісті жұмыс жүргізілуде. Құжаттар рәсімделіп жатыр, - деді Келес ауданы ТКШ бөлімі басшысының міндетін атқарушы Бақытжан Шырынбек.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық