«Қазақтың қайырымды Робин Гуды» күніне құмар ойынға 700 мың теңге құртқан
Фото: Orda.kz
Алматыда «Қазақтың Робин Гуды» деген лақап атымен танымал «Елге көмек» қорының басшысы Ілияс Сәриевтің соты өтіп жатыр. Тергеу барысында оның серіктесі Ақтоты Дүйсееваның телефонынан табылған төлемдер Сәриевтің жылдар бойы букмекерлік кеңселерге ақша аударып келгенін дәлелдеді. Кейде тіпті күніне 700 мың теңгеге дейін ақшаны тек құмар ойынға жұмсағаны белгілі болды.
Orda.kz «қайырымды» Ілияс Сәриевтің сотына қатысып, істің мән-жайын анықтап қайтты.
Бүгінгі сот отырысында Ақтоты Дүйсееваның ұялы телефоны тексеріліп, банк қосымшасы арқылы Ілияс Сариевтің құмар ойындарға қанша ақша жібергені анықталды.
Тергеу барысында Сәриевтің 2023 жылдан бастап ММ Travel компаниясының шотынан букмекерлік кеңселерге үнемі қаражат аударып келгені белгілі болды. Алайда сотта тек 2024 жылғы төлемдер жария етілді.
Судья ұсынған деректерге сәйкес, бір жылдың ішінде күніне 300 мыңнан 700 мың теңгеге дейін қаражаттар аударылған.
- 22 маусым 2024 жыл: 600 мың және 400 мың теңге;
- 25 маусым 2024 жыл: 500 мың теңге;
- 26 маусым 2024 жыл: 200 мың теңге;
- 30 маусым 2024 жыл: 500 мың, 300 мың және 150 мың теңге;
- 1 шілде 2024 жыл: 180 мың теңге;
- 14 шілде 2024 жыл: 700 мың теңге.
Судья бұл деректерді тікелей телефоннан оқып берді.
2025 жылы Дүйсеева оның бұл әрекеттерін байқап қойған соң, Сәриев құмар ойынға ақшаны тікелей емес, достары арқылы жібере бастаған. Осыған байланысты қорғаушысы дәл сол жылы жасалған тікелей төлемдердің болмағанын айтып, Дүйсееваның сөзін жоққа шығаруға тырысты.
Дегенмен, Дүйсеева мұны 2023–2024 жылдары кассадан тұрақты түрде ақша ала бастады деп түсіндірді. Оның айтуынша, алдыңғы жылдары компания қаржысын жеке мақсаттарға және құмар ойындарға пайдаланған соң 2025 жылы кассада ақша жетіспеген.
«Мен өз банк қосымшамды Сәриевтің қолданғанын бірнеше рет айттым. Ол кассадағы тапшылықты жасыру үшін қажылыққа баратын бір топтың ақшасын екінші топтың қаражаты арқылы жауып отырдым. Оның 2023 пен 2024 жылы тұрақты түрде құмар ойындарға жұмсап келген қаражаттардың жетіспеуінің кесірінен осындай кассада қаражат тапшылығы болды. Ал 2025 жылдан бастап құмар ойындарға тікелей аударымдардың болмауының себебі бар. Мен оның қаражатты ойынға жұмсап жүргенін білген соң, ол маған: «қойдым» деп айтты. Артынша ол банк қосымшасынан таныстарына қомақты қаражатты аударып, солардың шоты арқылы құмар ойынға салып отырды», – деді сотта Дүйсеева.
Сотта жәбірленуші Гүлбахар Төрева мен Сәриев дауласып қалды. Бұған дейін Сәриев Төреваның мүгедектігі бар екі немересін рұқсатсыз бейнежазбаға түсіріп, «үйсіз» деп халықтан ақша жинағаны белгілі болған. Жиналған қаражат Ақтоты Дүйсееваға тиесілі шотқа түскен. Алайда бұл ақшаның нақты қайда жұмсалғанын Сәриев түсіндіре алмады. Ол тек Төреваға «көп көмектестім» деп ақталды.
Еске сала кетсек, қаражат жиналып болған соң, Сәриев үйі жоқ Төреваға «үй алып қойдық» деп сендіріп, түрлі сылтаумен оның өзінен тағы да шамамен 800 мың теңге алған. Ол бұл қаражатты сотта мойындағанымен, сол отбасыға көрсеткен азын-аулақ көмегін қайта-қайта айтып ақталды. Судья Сәриевтің берген көмектері садақа ретінде есептелетінін, сондықтан оны қарыз ретінде талап етуге болмайтынын түсіндірді.
Сотта сондай-ақ Сәриевтің қылмыстық іс қозғалғанға дейін «үй алып бердік» деп жариялаған бейнежазбалары көрсетілді. Журналист Руслан Өтепбай бұл бейнематериалдарды дәлел ретінде қабылдауға болмайтынын, өйткені Сәриевтің ісі бойынша талай адам баспанасыз қалғанын айтты.
Келесі сот отырысы 13 қарашаға жоспарланған. Соттың негізгі бөлігі аяқталды. Енді жарыссөз бен соңғы сөз қалды.
Еске сала кетсек, бұған дейін Сәриевтің қажылардың ақшасын құмар ойынға салғаны әшкере болған еді.
Orda.kz алдағы уақытта өтетін сот отырыстарына қатысып, тікелей ақпарат таратып отырады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық