«Қазақ Робин Гуды»: Қажылардың ақшасын Сариевтің құмар ойынға салғаны әшкере болды
Фото: Orda.kz
Алматыда «Қазақтың Робин Гуды» деген лақап атымен танымал «Елге көмек» қорының басшысы Ілияс Сариевтің соты өтіп жатыр. MM Travel туристік фирмасына «еш қатысым жоқ әрі қажылардың бір тиынына да тиіспедім» деген Сариевтің барлық ақшаны құмар ойынға жұмсағаны анықталды, деп хабарлайды Orda.kz.
Бүгін MM Travel-дің басшысы Ақтоты Дүйсеева сот алдында жауап берді. Дүйсееваның жауаптары осыған дейін өзінің MM Travel компаниясына «еш қатысым жоқ» деп жауап беріп келген Сариевтің сөзін толығымен жоққа шығарды. Бұған дейінгі сот отырыстарында Сариев қажылыққа апаратын компанияны тек блогер ретінде ғана жарнамалағанын және MM Travel-ге түскен қаражатқа да «тиіспедім» деп айтқан еді.
Алайда, Ақтоты Дүйсеева мүлде басқаша жауап берді. Дүйсееваның сөзінше, олар Сариевпен 2018 жылдан бері достық және серіктестік қатынаста болған. Ал MM Travel компаниясын 2023 жылы бірге құрыпты. Оған қоса компанияға қатысты барлық сұрақтарды бірігіп шешіп келген екен. Демек, Сариев тек қана жарнамалаушы емес. Ол осы компанияның негізін қалап, қаражат мәселесіне де тікелей араласқан адамның бірі.
«MM Travel компаниясының директоры Сариев. Бұл біздің ортақ кәсібіміз еді. Бұл жерде тек құжат бойынша ғана барлығы маған жазылған. Бұған дейін компания адамдарды қажылыққа жіберіп отырды. Барлық мәселе Сариев кассадан ірі көлемде ақша алып, оны қайтадан орнына қоймаған соң басталды. Сәуір айында біз тергеліп жатқан кезде компанияның қаржы жағы мүлде ушығып кеткен еді. Сонымен қатар, қажылыққа ақша салған адамдар полицияға арыз жазамыз деп жиналғанда маған: «ешқайда барма, барлығын өзім шешемін» деп адамдармен сөйлескен де өзі», – деді Дүйсеева.
Сондай-ақ, сот отырысында Дүйсеева тағы бір мәліметтің бетін ашты. Сотталушының айтуынша, қажылыққа деп адамдардың салған ақшасы өзінің атына тіркелгенмен. Барлық банк шоттары Сариевтің қолында болған әрі сол барлық қаржыны тікелей басқарып, бір шоттан екінші шотқа аударып отырған. Аударып ғана қоймай, ол қажылардың ақшасын құмар ойындарға салып отырған.
«Ол кассадан ірі көлемде ақша алған соң маған: «ақшаны бір апта ішінде қайтарамын» деп уәде берді. Алайда сөзінде тұрмаған соң, біз 20 адамды қажылыққа жібере алмадық. Оған қоса Сариев қажылардың Меккеге ұша алмағаны менеджер қыздардың кесірі деп отыр. Ол да шындық емес. Ең басты себеп – Сариевтің кассадан қомақты қаржы алғандығы. Мен оның құмар ойын ойынайтынын соңғы сәттерде ғана байқадым. Банк қосымшасы орналасқан телефонды алып қарағанымда шоттан көптеген букмекер ойындарға ақша тіккенін көрдім. Сонымен қатар, Сариев өткен сот отырысында арыз жазған адамдардың алдына шығып сөйлесуін мен өтінді деп айтты. Мен одан ештеңе өтінген жоқпын», – деді Дүйсеева.
Дүйсеева өз жауабында Сариевтің 2015 жылдары да құмар ойындарға әуес болғанын жеткізді. Дүйсеевамен танысқан кезде Сариев ондай жаман әдетін қойғанын айтыпты.
Ақтоты Дүйсеева өз кінәсі ішінара мойындап, 20 адамның шығынын егер жарты жыл көлемінде уақыт берсе өтеп беретінін айтты.
Айта кетейік, Ілияс Сариев пен Ақтоты Дүйсееваға қылмыстық кодекстің 190-бап, яғни «алаяқтық» бойынша айып тағылып отыр.
Тергеу нұсқасына сәйкес, Сариев үйі жоқ әрі дертіне шипа іздеген науқастарды емдетіп оларға баспана алып беру үшін елден жылу жинауға көмектесемін деп, олардан әртүрлі қаражат жинап, артынша уәдесінде тұрмай бейнежазбаларды әлеуметтік желіге жарияламаған. Нәтижесінде көмекке үміттенген отбасылар ақша да, қолдау да ала алмаған. Бұл эпизод бойынша 6 адам жәбірленуші деп танылды.
Ал екінші сотталушы адамдарға қажылық пен умраға жолдаманы арзан бағада сатып, артынша ол да міндетін орындамай істі болып отыр. Тергеу мәліметінше, бұл істе 20 адам зардап шеккен.
Жалпы екі күдікті де іс бойынша судьяның алдында толығымен жауап берді. Ал келесі сот отырысы 16 қазанға жоспарланды.
Еске сала кетсек, Orda.kz тілшісі бұған дейін Ілияс ашқан қорға сеніп қор болған жандардан сұхбат алған болатын.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық