Қазақтар мен мұсылмандарды «мамбет» деген Мұхамадиева соңғы сөзінде не деді?
Коллаж Orda.kz
Қазақтар мен мұсылмандарды «мамбет» деп кемсіткен жазбалардан кейін қоғамның қатты сынына ұшыраған блогер Алика Мұхамадиева сотта өз кінәсін мойындап, соңғы сөзін айтты, деп хабарлайды Orda.kz.
Алика Мұхамадиева соттағы соңғы сөзінде өз ісіне өкініп, барша халықтан кешірім сұрады. Ол жазған жазбалары үшін қатты ұялатынын айтып, соттан рақымшылық танытуды өтінді.
«Барша ренжіген адамдардан тағы да кешірім сұраймын. Маған өте ұят, шын жүректен өкінемін. Сот үкім шығарғанда менің кінәмді мойындағанымды, өкінішімді және кішкентай қызым бар екенін ескерсеңіздер екен», – деді Мұхамадиева.
Сондай-ақ, ол сотта өз сөзінде жалғыз қызының қасында болу үшін бәрінен де бас тартуға дайын екенін, өмірдің мәнін тек ауыр сәтте түсінгенін айтты.
«Адам кейде бәрін жоғалтқанда ғана өмірдің шынайы құнын түсінеді. Мен де соған көзім жеттім. Мақсат қуып жүріп, өмір сүруге үлгермеппін. Қызымды ата-анама қалдырып, өз жоспарларымның соңынан кеткен едім», – деді айыпталушы
Еске сала кетейік, Алика Мұхамадиева әлеуметтік желі Threads-те қазақтар мен мұсылмандарды қорлаған жазбалар жариялаған соң қоғамда үлкен резонанс туды. Артынша оған қылмыстық кодекстің 174-бабының 1-бөлігі бойынша – «әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік немесе діни алауыздық тудыру» бабымен айып тағылды.
Сотта Мұхамадиева өз әрекетін сол кездегі ауыр психологиялық күйде жасағанын түсіндірді. Ол бұған дейін жол апатына түсіп, әжесінен айырылғанын да айтты.
Прокурор айыпталушыға 4,5 жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұрады, алайда үкімнің орындалуын төрт жылға — оның қызы 14 жасқа толғанға дейін кейінге қалдыруды өтінді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық