Қазақтарды «мамбет» деп кемсіткен қарағандылық Алика Мухамадиева қамалды
Коллаж: Orda.kz
Threads-ке жазған жазбасы үшін қарағандылық модель Алика Мухамадиева қамалды. Ол 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, деп хабарлайды Orda.kz.
Қазақстанда әлеуметтік желілерде, әсіресе, Threads-те қазақша сөйлеуді талап ететін азаматтарға қатысты «казахшасөйлешник» деп айдар тағып, түрлі теріс пікір жазатындар көбейді. Осы тақырыпта қоғам арасында дау туып, тілге, ұлтқа қатысты тіл тигізген желі қолданушыларына азаматтар арыз жазып жатыр. Солай қамалған қарағандылық модель Алика Мухамадиеваға (Alika_Augustovа) Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 174-бабы «Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, таптық немесе діни алауыздықты қоздыру» бабы бойынша іс қозғалды. Бұл бап екі жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады.

Әлеуметтік желіде тарап кеткен суреттерге қарасақ, Алика Мухамадиева әуелі «полукалбитский диалог» деп, «жартылай қарабайырлардың диалогы» деп кемсіте сөз бастайды.
«Ең сорақысы – «қазақша сөйле!» деп бақырып (ред. тікелей мағынада дөрекі сөз жазылған), жанын салып жүрген қазақтардың ақыры өздері осылай сөйлеп жүргенін көру...» деп жазылған.
Артынша Алика Мухамадиева кешірім сұрап бейнежазба жариялады.

Желі қолданушылары бұл жазбаларды ұлт арасына іріткі салатын әрі ұлттық намысқа тиетін сөз деп бағалап, шағым түсірген еді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық