Қазақстан–Ресей шекарасындағы жағдайға ҰҚК Шекара қызметі түсініктеме берді
Фото: Шекара қызметі мұрағатынан
Павлодар облысындағы «Қосақ» өткізу бекетінде жүк көліктерінің кептелісі пайда болды. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, бұған жеміс-көкөніс өнімдерін тасымалдау көлемінің маусымдық артуы себеп болған, деп хабарлайды Orda.kz.
Ведомствоның хабарлауынша, күту уақытын қысқарту үшін өткізу бекеті күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Сондай-ақ жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл ұйымдастырылып, жағдайды тұрақтандыру үшін қажетті шаралар қабылдануда.
Мұнда шығу бағытындағы орташа өткізу қабілеті тәулігіне шамамен 200–220 жүк көлігі.
Шекара қызметі «Қосақ» өткізу бекетінде электронды кезек жүйесі жұмыс істейтінін еске салды. Белгілі бір күнге бос орындардың бар-жоғын алдын ала нақтылап, шекарадан өту уақыты мен орнын жоспарлауға болады.
Жүргізушілерден қалыптасқан жағдайды ескеріп, қажет болған жағдайда бағыттарын балама жолдар арқылы алдын ала түзету сұралады.
Ведомство сондай-ақ Павлодар облысында «Шарбақты» және «Үрлітөбе» халықаралық өткізу бекеттері жұмыс істейтінін хабарлады. Ал Солтүстік Қазақстан облысында «Жаңа жол», «Қарақоға» және «Қызылжар» бекеттері бар.
Бұған дейін Ресей 1 маусымнан бастап шекара арқылы жүк тасымалдау кезінде тауарды күту уақытын растау жүйесін (СПОТ) енгізгені хабарланған болатын.
Қазақстандық тасымалдаушыларға ескертілгендей, автокөлікпен тауар әкелу кезінде Ресейдегі қабылдаушы тарап алдын ала жеткізілім туралы құжат рәсімдеп, QR-код алуы қажет. Расталған QR-код болмаған жағдайда көлік Ресей Федерациясына өткізілмейді.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық