Қазақстандықтарды цифрлық бақылауда ұстап, салығын есептейтін жүйе құрылды
Фото: freepik.com
Мемлекеттік кірістер комитеті салықтық және кедендік мәселелерді жеңілдету мақсатында Smart Data Finance деректер жүйесін құрды, деп хабарлайды Orda.kz.
Қаржы министрлігіне қарасты жүйе бойынша бір адам туралы дәйекті дерекке қол жеткізуге мүмкіндік беретін қор құрылған. Жүйе деректерді өңдейді, тексерілген және өзекті мәліметтерді комитеттің басқа жүйелеріне ұсынады және салықтық бұзушылықтарды анықтайды.
«Бүгінгі таңда мемлекеттік органдармен және ұйымдармен 55-тен астам интеграциялық өзара іс-қимыл жүзеге асырылды», деп хабарлады ведомство.
Жүйе жұмысының арқасында инспектордың көмегінсіз жылжымайтын мүлік пен көлік құралдары бойынша біріктірілген салық автоматты түрде есептелген.
Сондай-ақ, Smart Data Finance-те 569 мың заңды тұлға мен 1,8 млннан астам жеке кәсіпкердің деректері тіркелген.
Smart Data Finance құмар ойынға бәс тігетіндердің де қаражатын есептеп отырады. Жүйе ойынқұмарлардың барлық ұтыстарын нақты уақыт режимінде бақылап, салықтардың толық төленуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, көлеңкелі экономикамен күресу мақсатында жеткізушілер тізбегін 15 деңгейге дейін қадағалау моделі іске асырылған. Бұл мониторингке, ашықтықты арттыруға көмектеседі.
Айта кетейік, жаңа Конституция жобасы туралы жалған ақпарат таратқан алматылыққа айыппұл салынды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық