Қазақстандықтар Оңтүстік Кореядағы зауыттар мен клининг саласында заңды жұмыс істей алады
Фото: Әлеуметтік желіден
2028 жылдан бастап Оңтүстік Корея қазақстандықтарға E-9 жұмыс визасы бойынша квота бөле бастайды, деп хабарлайды Orda.kz The Korea Herald басылымына сілтеме жасап.
Қазақстан шетелдіктерді жұмысқа орналастыру жөніндегі мемлекеттік бағдарламаға, яғни Employment Permit System (EPS) жүйесіне қосылды. Қазақстан осы бағдарламаға қатысатын 18-ші ел атанды. Орталық Азия елдерінен бұған дейін Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан бағдарламаға қосылған.
EPS бағдарламасы Оңтүстік Кореядағы компанияларға жергілікті жұмыс күші жетіспейтін салаларға шетел азаматтарын заңды түрде жұмысқа қабылдауға мүмкіндік береді.
Енді қазақстандықтар зауыттарда, құрылыс саласында, фермаларда, қонақүйлерде және тазалық қызметтерінде жұмыс істеу үшін E-9 визасына өтініш бере алады.
Виза кемінде үш жылға беріледі. Кейін оның мерзімін тағы 22 айға ұзартуға болады.
Қазақстанның EPS бағдарламасына қосылуы бірнеше жылдан бері талқыланып келген. 2025 жылдың тамызында Қазақстанның Еңбек министрлігі корей тарапынан тиісті шешім күтіп отырғанын хабарлаған.
Бұған дейін 2025 жылы Оңтүстік Кореяда 15 мыңға жуық қазақстандық жұмыс істегені, олардың шамамен 11 мыңының заңсыз жұмыс істегені хабарланған болатын.
Осы жылдың қаңтарында Қазақстанның Еңбек министрлігі Оңтүстік Кореяда заңсыз жүрген азаматтарға айыппұлсыз және кейінгі шектеулерсіз елден ерікті түрде шығу бағдарламасын пайдалануды ұсынған.
жыл басында Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Корея Республикасының еңбек көші-қоны мәселелері жөніндегі делегациясымен кездесу өткізді. Корей тарабы кадрлар жетіспеушілігін сезініп отырған салаға шетелдік жұмыскерлерді тартуға бағытталған EPS бағдарламасының жұмыс істеу тәртібін ұсынды. Қазіргі уақытта Қазақстан осы жүйеге қосылу мүмкіндігі бойынша келіссөздердің екінші кезеңінен өтті.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық