Қазақстандық жас спортшылар джиу-джитсудан өткен әлем чемпионатынан жүлдемен оралды
Испанияның Мадрид қаласында өткен комбат джиу-джитсу бойынша Әлем чемпионатында Жетісу облысы Алакөл ауданының жас спортшылары жүлделі орындарға ие болды, деп хабарлайды Orda.kz.
Жасөспірімдер арасында өткен жарыста 3 бірдей спортшы жүлдемен оралды.
- Бақдәулет Серікқали — алтын медаль;
- Максим Белаусов — күміс медаль;
- Даниял Қайратұлы — қола медаль.
Спортшылардың жетістігінің артында тәжірибелі бапкер, аудан жастарының сеніміне ие Арнұр Нұрланұлы тұр. Ол Алакөл ауданындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде комбат джиу-джитсу бойынша жаттықтырады. Оның жетекшілігімен секцияда жас спортшылар 2010 жылдан бері дайындалып келеді. Шәкірттері соңғы жылдары халықаралық деңгейде тұрақты жүлде алып жүр.
Еске сала кетсек, Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы допинг қолданды деген күдікке ілінді. Жәнібек Әлімханұлы допинг-тестке қатысты өз ойын айтып, өзінің таза спортты қолдайтынын ашық айтты. Оның айтуынша, бірінші тест бәрін таза деп көрсеткен.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық