Қазақстандағы Starlink жүйесі қаншалықты дайын?

cover Фото: Freepik.com

Премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жасұлан Мәдиев Starlink компаниясы өкілдерімен Қазақстанда спутниктік технологияларды енгізу барысын талқылады, деп хабарлайды  Orda.kz  министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Кездесу барысында негізгі назар 2025 жылғы 12 маусымда қол қойылған келісімді іске асыруға аударылды. Компания Қазақстан аумағында жұмысын бастап, жерүсті инфрақұрылымын орналастыруға кірісті. Тараптар келісім аясындағы міндеттемелердің орындалу барысын егжей-тегжейлі қарап, барлық жүйелердің дайындық деңгейін бағалады.

Техникалық мәселелермен қатар, спутниктік желінің Қазақстан құқықтық алаңына толықтай интеграциялануы үшін реттеуші талаптарға сәйкестік мәселелері де талқыланды.

Еске сала кетейік, 2025 жылғы 12 маусымда жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен Starlink Kazakhstan компаниясы арасында Қазақстан Республикасы аумағында Starlink спутник интернетін іске қосу туралы келісімге қол қойған болатын. 

Айта кетейік, Starlink Қазақстанда ресми түрде жұмыс істей бастады. Спутниктік терминалдарды сату 2025 жылдың үшінші тоқсанына жоспарланған.  Бұған дейін мектептерді Starlink интернетіне қосу мемлекет бюджетінен 5 миллион АҚШ долларына түскені хабарланған болатын.

Цифрлық даму министрі Жасұлан Мәдиев былтыр қыркүйек айында Қазақстан спутниктік интернеттің төрт ірі операторын тартуды жоспарлап отырғанын айтқан. Американдық Starlink, британдық OneWeb, қытайлық SpaceSail және Amazon-дан американдық Kuiper.

Оқи отырыңыз:



Жаңалықтар

барлық жаңалықтар