Енді қазақстандықтар Илон Масктің интернетін пайдалана алады
Фото: gov.kz
Қазақстандықтар ресми түрде Starlink компаниясының интернет қызметін пайдалана алады, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мәлімдеді.
Бүгін, 12 маусым күні ведомство мен Starlink компаниясы ұсынған жер серігінің интернет қызметін Қазақстан аумағында іске қосу туралы келісімге қол қойды.
Енді Қазақстан халқы 2025 жылдың үшінші тоқсанынан бастап Starlink жер серігі терминалдарын ресми түрде сатып ала алады.
«Бүгінге дейін Starlink елімізде тек мектептерге интернет ұсынып, пилоттық режимде жұмыс істеп келді. Ал халық үшін ол ресми түрде қолжетімді болмады. Енді біз келісімге келдік. Компания ақпараттық қауіпсіздік пен байланыс саласындағы ұлттық заңнама талаптарына сай жұмыс істейтін болады. Биыл қажетті жұмыстар жүргізіліп, тұрғындар ресми әрі заңды түрде интернетке қосыла алады», - деді министр Жасұлан Мәдиев.
Енді азаматтар терминалдарды заңды түрде сатып алып, пайдаланып, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркей алады.
Айта кетейік, бұған дейін министр Қазақстандағы интернет Токионы басып озатынын айтқан еді.
Жаңалықтар
- Талғарда ер адам жеті жасар қызды бұтаның арасына қарай сүйреді деген күдікке ілінді
- Өмір бойына бас бостандығынан айырылған Аймахан Шерханның адвокаттары апелляциялық шағым түсірді
- БАӘ-де қаза болған екі қыздың денесі Дубайдан елге жөнелтілді
- Бақытжан Базарбек өзі қағып кеткен адамға қатысты жаңа мәлімет берді
- «Бұндайларға рақым жоқ»: Садыр Жапаров «халық жауларын» жазалауға шақырды
- Түркістанның 100 тонна еті Алматыда 20 пайыз жеңілдікпен сатылады
- Непал мен Қытай шекарасындағы апат аймағында үш қазақстандық іздестіріліп жатыр
- Тоқаев Ядролық сынақтарға қарсы күрес күні қазақстандықтарға үндеу жасады
- Трамп Венесуэламен «тарихи» мұнай келісімін жариялап, бензин бағасы түсетінін айтты
- 1 қыркүйекте мұғалімдерге гүл сыйлауға бола ма? Оқу-ағарту министрлігі жауап берді
- Әділет Жауғашар «Сүй иә» әнінің сөзін өзгертті
- «13 млн теңге несие ал!» Алаяқтардың айтқанын орындап, полицияға да, ұлына да сенбеген
- Байзақ ауданында полиция басшысының экс-орынбасары пара алған
- Құрылтайда сегіз тұрақты комитет құрылып, төрағалары сайланды
- Құрылтай төрағасының орынбасарлары сайланды
- Құрылтай төрағасы болып Айбек Дәдебай сайланды
- Алматыда ұшақ өртенді
- Маңғыстауда жасөспірім қызды бірнеше адам жабылып ұрып-соққан
- «QARMET» АҚ-ға 1,5 млрд теңге залал келтірген ҰҚТ-ның 13 қатысушысы сотталды
- Тоқаев: Қыркүйектің екінші жартысында Халық Кеңесі жасақталады