Қазақстандағы парламентті не себепті және қалай реформалайды?
Фото: Ақорда
8 қыркүйекте парламент палаталарының бірлескен отырысында жасаған Жолдауында президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа саяси реформа жариялады. Бұл сенатты тарату және бір палаталы парламентке көшу жайлы мәселе. Мұндай реформаны қалай жүзеге асыратынын саясаттанушы Ғазиз Әбішев тәптіштеп түсіндіріп берді, деп хабарлайды Orda.kz.
Қасым-Жомарт Тоқаев парламенттік реформаны бір жылда іске асыруды көздеп отырғанын жеткізді. 2027 жылы бұл мәселе бойынша бүкілхалықтық референдум өтеді. Себебі өкілдік құрылымын өзгерту үшін Конституцияға түзетулер енгізу қажет болады.
«Биыл бір палаталы парламент құруға қатысты конституциялық реформаны талқылау жүргізіледі. Депутат саны қанша болуы керек? Оның өкілеттіктері қандай? Оған өту межесі қалай белгіленбек? Демографияға қатысты және өзге салаларға қатысты квоталар қажет пе? Бір жылдан соң Жолдауында мемлекет басшысы талқылаудың аяқталғанын мәлімдеп, түпкі параметрлерді айқындайды. Сол кезде немесе сәл кейінірек республикалық референдум өтетін күнді жариялайды», – деді Ғазиз Әбішев.
Референдум 2027 жылдың басына жоспарланған. Егер қазақстандықтар конституциялық өзгерістерді қолдап дауыс берсе, онда қазіргі сенат пен мәжіліс таратылып, мерзімінен бұрын сайлау өтеді. Осылайша жаңа парламент құрылады.
Саясаттанушының пайымынша, бұл реформа елде парламентаризмді күшейтіп, мәжіліс пен сенат қызметтерін біріктіреді.
Сонымен бірге депутаттардың саяси өмірдегі рөлін арттырады. Сондай-ақ саяси партиялардың ықпалы өседі.
«Жаңа бір палаталы парламенттің өкілеттігі ауқымды болуы мүмкін. Қазір мәжіліс премьер-министрді тағайындайды және үкімет құрамын анықтайды. Ал сенат президентке тікелей бағынатын құрылымдардың – ҰҚК мен Бас прокуратураның басшыларын тағайындайды. Жоғарғы сот судьяларын мақұлдап, адамдарды тағайындайды. Екі палата Конституциялық соттың мүшелерін тағайындайды. Егер біріктірілсе, мұның бәрін бір ғана палата шешеді. Демек, парламенттегі партиялық көпшілікке түпкілікті шешім қабылдау құқығы беріледі. Ал сайлау тек пропорционалды жүйемен өтетіндіктен, негізгі тетік партия басшылығының қолында болады. Өйткені депутаттық мандат солардың бақылауында», – деп түсіндірді Әбішев.
Осылайша, реформа нәтижесінде партия жетекшілері лезде ықпалды саяси тұлғаларға айналады. Егер бір партия парламентте басым болса, оның төрағасы елеулі билікке ие болады. Ал егер бірде-бір партия шешуші қолдаушыларға ие бола алмаса, онда коалиция құрудың маңызы артады.
«Абсолютті немесе конституциялық топтың басым болғанына қарай оның партия жетекшісінің де салмағы артады. Егер мандат бөлу тәртібі өзгеріссіз қалып, бір партия жалпы мандаттың үштен екісінен астамын иемденсе, ал оның төрағасы парламентке өтіп мәжіліс төрағалығына ұмтылса, ол мемлекет бойынша шешуші тұлғалардың біріне айналады», – дейді саясаттанушы.
Тоқаев ұсынған реформаны Қазақстанды суперпрезиденттік үлгіден президенттік әрі ықпалды парламенті бар мемлекетке айналдыру бағытының жалғасы деуге болады.
Еске сала кетсек, Orda.kz ҚазҰУ профессоры жазған жаңа Конституция Ақорданы неге алаңдатқаны жайлы жазған болатын. Онда біз профессордың жазғанын Тоқаев өз Жолдауында айтуы мүмкін деп болжам жасаған едік. Болжамымыз айдай келіп, Тоқаев бір палаталы парламенттік жүйе жайлы сөз қозғады. Алайда өзге де өзгерістер жайлы әзірге сөз болмады. Профессор жазған жаңа Конституцияда Қазақстанды Қазақия деп атау жайлы ұсыныс бар. Бір қызығы, онда парламенттің президентке импичмент жариялау құқығы да бар.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық