Қазақстандағы алғашқы АЭС-ті неге дәл «Росатом» салады?
Фото: нейросеть Midjourney
Ұлттық, технологиялық және экономикалық факторларды мұқият талдау нәтижесінде АЭС жобасын ресейлік «Росатом» мемлекеттік корпорациясына, ал кейінірек қытайлық CNNC компаниясына тапсыру туралы шешім қабылданды. Алайда, оған геосаяси жағдайға байланысты болып жатқан халықаралық санкциялар кедергі болмай ма? Orda.kz зерттеп көрді.
Әрине, мұндай ауқымды жобалар оқшауланған ортада етек жайып дами алмайды. Ғаламдық геосаяси тұрақсыздық пен санкциялар арқылы көрсетілген қысымның белгілі бір кесірі тиетіні тағы бар.
Халықаралық санкциялар салынуы мүмкін болған соң, Қазақстандағы алғашқы АЭС құрылысын «Росатомға» табыстау туралы шешімге қатысты пікірталас туды. Әзірге 2025 жылдағы жағдай бойынша бұл компания Еуроодақтың, АҚШ пен Ұлыбританияның санкциялық тізімінде жоқ. Бұған себеп — саяси жұмсақтық емес, стратегиялық есеп, яғни атом энергетикасы саласында Еуропа әлі де Ресейге тәуелді деген сөз.
DW.com мәліметінше, Еуроодақтағы табиғи уранның бәрінің шамамен 20 пайызы Ресейден жеткізіледі. Сарапшылардың есептеуінше, мұндай көлемді уранды басқа елден алып тұру туралы аяқ асты шешім қабылдаса, ЕО қазынасына едәуір салмақ түсуі мүмкін.
Бұған қоса, Словакия, Болгария, Венгрия, Чехия және Финляндия елдерінде Ресей салған үлгіде жасалған 18 ядролық реактор жұмыс істеп тұр. Олар қазіргі кезде Ресей технологияларын пайдаланып, тек ресейлік отынмен жұмыс істейді. Тіпті бұл реакторларға балама көздерді тапқан күннің өзінде бүкіл жүйені ұзақ уақыт бойы қайта құруға тура келеді.
Сонымен қатар, уранды байыту бойынша әлемдік қуаттың 45 пайыздан астамы Ресей үлесінде тұр. Ресей көптеген елдерге, соның ішінде АҚШ-қа да, ядролық отын жеткізеді. Ресейге сес көрсетіп, санкция қойып жүрген АҚШ-тың өзі жыл сайын «Росатом» жеткізетін ядролық отын үшін шамамен 1 миллиард доллар төлеп отыр.
Бұл контексте атом энергетикасы климаттық күн тәртібінің бір бөлігі ретінде қарастырылып отырғаны айқын, сондықтан оған шектеу шаралары қолданылмайды. Бұл энергетикалық қауіпсіздіктің бұзылмауы үшін қажет.
Халықаралық атом энергетикасы агенттігі де азаматтық атом саласына санкциялық қысым көрсетуден аулақ болуға шақырып отыр. Себебі бұл энергетика саласының болашағына қауіп төндіруі мүмкін.
Соған қарамастан, Қазақстан ықтимал өзгерістерді ескеріп отыр. Келісімдерде санкциялық ескертулер мен құқықты қорғайтын бөлімдер қарастырылады. Мұндай келісімдер бұған дейін де халықаралық жобаларда қолданылды. Жеткізу жолын, болуы мүмкін кідірістерді, келісімнің сценарийлерін толық тексерілген мердігер қолға алады.
Сонымен қатар, АЭС салу мәселесі бойынша Қытайдың CNNC корпорациясымен серіктестік орнату арқылы әртүлі серіктестік құрылымы қалыптасады. Бұл стратегиялық және геосаяси қауіптерді азайтып, жобаның ұзақ уақыт бойы тұрақты болуын қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар мердігерлік жұмыстарды барынша өзіміздің жергілікті мамандарға тапсыру көзделіп отыр.
Нақтырақ айтсақ, құрылыс барысында қазақстандық материалдар мен мамандарды және мердігер компанияларды іске қосылады. Мұндай тәсіл импорт пен сыртқы факторларға тәуелділікті азайтып, ішкі нарықты нығайтады. Бастысы валюталық шығындарды азайтуға мүмкіндік береді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық