Қазақстанда ЛГБТ жайлы үгіт-насихат үшін қылмыстық жауапкершілік енгізу ұсынылды
Фото: Pexels
Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин ЛГБТ-ны ашық немесе жанама түрде насихаттаған адамдарды қылмыстық жауапкершілікке тартуды ұсынды, деп хабарлайды Orda.kz.
Еділ Жаңбыршиннің айтуынша бұл әркімнің жеке ісі. Брақ оны бұқаралық ақпарат құралдары немесе әлеуметтік желілер арқылы насихаттауға болмайды
«Біз бір топ депутаттармен бірге ЛГБТ-үгітке қарсы заң нормаларын әзірледік. Бірақ көп қарсылық болғандықтан ол ұсыныстар қабылданбады. Сол себепті петиция пайда болды. Халық қолдады, комиссия құрылды. Қазір ғалымдар мен сарапшылар бұл құбылыстың қаншалықты зиян екенін көріп отыр», – деді Еділ Жаңбыршин БАҚ сұрақтарына жауап бере отырып.
Ол бұдан кейін ЛГБТ-ны насихаттауға жауапкершілік енгізу мәселесін көтерді:
«Біз тек тыйым салумен шектелмеуіміз керек. Егер бұл тыйымды бұзып, әлеуметтік желілерде, БАҚ-та немесе жанама жолдармен ЛГБТ-ны насихаттау жалғасатын болса, менің ойымша, әкімшілік қана емес, қылмыстық жауапкершілікті де қарастыру қажет», – деді депутат.
Еске сала кетсек, бұл тақырыпта Orda.kz редакциясы белгілі психолог-сарапшы, Орта Азия психологиялық сараптама институтының басшысы Анна Құдияровамен кеңескен еді. Сарапшы бұндай бағдары (ориентация) басқа адамдарды қазір ешкім «ауру» санатына жатқызбайтынын атап өтті. Толығырақ материалымыздан оқыңыз.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық