Қазақстанда қыз алып қашқандар 7 жылға дейін сотталады
Фото: Orda.kz
Қазақстанда қыз алып қашқандарға қылмыстық жауапкершілік енгізіледі, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл туралы мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов айтты. Енді қыз алып қашқандар айыппұлдан бөлек, қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Келесі аптада бұл бастама екінші оқылымда қаралмақ. Депутат бұған дейін де бұл мәселе бойынша бірнеше рет ұсыныс тастаған.
«Егер бойжеткен 18 жасқа толмаған болса немесе күш қолданылған болса, не бір топ адам күш қолданса, онда жаза қатаң болады. Олар 5-7 жылға дейін бас бостандығынан айырылады», — деді депутат.
Мұрат Әбеновтың айтуынша, елімізде қыз алып қашқандардың көбі жазасыз қалады екен. Бойжеткен өзін алып қашып кеткенін, оған күш қолданылғанын дәлелдеп берсе де, ештеңе істей алмаған.
Соңғы үш жылда құқық қорғау органдарына қызды алып қашу туралы 214 талап түскен. Бірақ олардың тек 10-ы ғана сотқа жеткен. Қалған істер қылмыс құрамының болмауына байланысты жабылған.
Еске салайық, Алматы облысында моншадағы қызды жасырын камераға түсіріп, бүкіл ауылға таратқан жасөспірімдер ұсталған еді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық