Қазақстанда Kуzdar.net ісі бойынша алғашқы үкім шықты
Коллаж: Orda.kz
Петропавл қаласында сот тыйым салынған сайтта интимдік қызмет ұсынатын анкеталарды жарнамалаған алты адамды кінәлі деп таныды, деп хабарлайды Orda.kz.
Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының мәліметінше, күдіктілерге айып осы жылдың наурыз айында тағылған.
«Топтың заңсыз қызметі белгіленген тариф бойынша ақшалай сыйақыға интимдік қызмет көрсететін тұлғалардың анкеталарын таратуға негізделген».
19 маусым күні Солтүстік Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты елде алғаш рет Kуzdar.net арқылы жеңгетайлыққа жәрдемдесу фактісі бойынша үкім шығарды.
Барлық қатысушылар кінәлі деп танылды. Топ жетекшісі 10 жылға бас бостандығынан айырылды, қалғандары сегіз жылдан жаза алды. Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.
Kуzdar.net сайтының болжамды ұйымдастырушыларының ұсталғаны туралы бұған дейін жазған едік. Тергеу деректеріне сәйкес, сайт иелеріне екі миллиард теңгеден астам заңсыз табыс әкелген. Тінту барысында күдіктілерден ірі көлемде қолма-қол ақша, цифрлық активтер, компьютерлік техника және басқа да айғақтар тәркіленген.
Кейін Алматы қаласы полициясы күдіктілерден қымбат мүлік табылғанын хабарлады, оның ішінде бес пәтер, алты коммерциялық нысан, алты коттедж, он жер телімі, Алматы қаласы мен Алматы облысында алты автотұрақ орны, сондай-ақ премиум санаттағы 11 автокөлік. Бұдан бөлек, олардың атына сегіз компания тіркелген.
Kуzdar.net туралы толығырақ ақпаратты төмендегі сілтемелерден оқи аласыз.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық