«Олар бізді пышақтап кетеді»: Қызылордадағы қыздың анасы Orda.kz-ке сұхбат берді

Orda.kz редакциясы бірнеше ай бойы Қызылордада мектеп оқушысының жарты жыл бойы сексуалдық құлдықта болған оқиғасын мұқият бақылап келеді. Қызға зорлық көрсеткенде арасында оның сыныптасы мен ең жақсы құрбысы бар болып шықты.
Orda.kz қыздың анасымен сұхбаттасып, маңызды сұрақтарға жауап алды.
— Отбасыңыз, қызыңыз, ұлыңыз туралы айтып беріңізші. Күйеуіңізбен және балаларыңызбен қарым-қатынасыңыз қандай?
— Мен үйде математика мен логикадан даярлаушы болып жұмыс істеймін. Қазіргі уақытта жұмысымды уақытша тоқтатып қойдым, бірақ оқушыларым мені іздеп жүр. Күйеуім жүк көлігінің жүргізушісі болып жұмыс істейді. Біздің отбасымыз өте мейірімді, үйде ешкім қатты сөйлемейді. Ең қатты сөйлейтін менмін, өйткені мен ұстазбын. Біз ешқашан ренжісіп көрмегенбіз. Соңғы екі айда тәулік бойы үйімізде күзет бар. Олар үйде және сыртта кезекшілікте тұрып күзетеді. Ұлым Алматыда тұрады. Кафеде бариста болып жұмыс істейді. Қызым биыл 11-ші сыныбын тәмамдады. Біз орыс тілінде сөйлейтін отбасымыз, әжем орыс. Ұлым орыс тілінде сабақ беретін сыныпта оқыды. Сондықтан мен отбасымыздың кем дегенде бір мүшесі қазақ тілін меңгеруі керек деп шештім, осылайша басқалары да қазақша сөйлеп кетеді деп ойладым. Біздің елде, әсіресе Қызылордада, көбі қазақша сөйлейді. Сол себепті, мен қызымды балабақшаға қазақ тілінде тәрбиеленетін топқа және қазақ мектебіне бердім. Олар, қызым екеуі бірге немере інісімен оқыды, бірақ екінші сыныпта ол орыс тілінде оқытатын сыныпқа ауысты. Себебі ол оқуын дұрыс меңгере алмады. Ал қызым оқығысы келіп, қалды. Мен алғашқыда ол көп нәрсені түсінбейді деп одан жоғары баға алуын талап етпедім.
Тоғызыншы сыныпты бітіргеннен кейін мен оны Алматыға оқуға апардым. Біз қала бойынша көп жерлерді араладық. Бірақ ол мамандық пен оқу орнын таңдауда қиналды. Мен оның әлі кішкентай екенін түсіндім. Біздің барымыз осы жалғыз қыз, ол әлі бой жете қоймады. Сондықтан біз Қызылордаға қайта оралып, баяғы мектебінде 11 сыныпты аяқтасын деп шешім қабылдадық.
— Қыздың қызығушылықтары, бос уақытында немен айналысатынын айтып беріңізші?
— Менің қызым би билегенді жақсы көреді. Кішкентай кезінде мен оны би үйірмесіне апардым. Ол сабақта болғанда есіктің сыртында күтіп отыратынмын. Бірақ бір күні ол маған келіп: «Анашым, бұл жердегі қыздар дөрекі, шолжаң», — деді. Ол тек екі апта барғаннан кейін ғана: «Мен енді бармаймын. Онда қыздар мені қорлайды. Маған ұнамайды», — деп айтты. Осыдан кейін ол үйде би билейтін болды. Мектепте негізгі қызығушылығы осы би болды. Ол барлық шараларға қатысып, өзі нөмірлер ойлап тауып, сахналаумен айналысты. Оның талпынысының арқасында сыныбы әрдайым жүлделі орындарды иеленетін.
Менің қызым бастауыш мектепте оқығанда би билеуге деген сүйіспеншілігі енді ояна бастаған еді. Ал шын ынтасымен кірісіп кеткені 6–7 сыныптарда көрінді. Ол тек қатысып қана қоймай, өзі би нөмірлерін қоя бастады, басқа қыздарға үйретті, қойылымдарды ұйымдастыруға көмектесті. Би оның шабыт көзіне айналды. Уақыт өте келе, оның қызығушылығы көбейіп, итальян тілін үйреніп жүрген. Өкінішке қарай, біздің қалада мұғалімдер болмады, сондықтан ол тіл үйренуді өзі бастады. YouTube-тан бейнесабақ қарап, үйде оқыды. Бірақ кейін ауыр кезең басталды. Осы жағдайдан кейін біз Түркістанға психиатриялық тексеруге бардық. Онда ол емделді және бастапқыда бәрі жақсы болып көрінді, бірақ психиатриялық тексеруден кейін жағдайы күрт нашарлады. Әсері жақсы болып көрінген емдеу әдістердің кенеттен көмегі болмай қалды. Біз үйге оралғанда, ол өте тұйықтанып, жылап, ауыр күйзеліске түсті. Қайғы-қасіреттен бар ынтасымен итальян тілін үйреніп жүрген дәптерін, жыртып тастады. Оның психологиялық жағдайы нашарлады. Өз-өзімен күресіп, қалпына келуі қиын болып жатыр.
Меніңше, ол әлі-ақ ақырындап бұрынғы қалпына оралады. Үйімізде қазір бір ит пен мысық бар. Қызым солармен ойнап, күтім жасап жүр. Бұл да оған көмектеседі.
— Университетке оқуға түсу кейінге қалды ма?
— Қазіргі уақытта ол ешқайда түскен жоқ. Ол Ресейдің «Синергия» университетіне құжат тапсырды және біз жауаптың телефонға келетінін күткенбіз. Бірақ ол кезде телефоны ДВД-де болды, біз нәтижелерді уақтылы біле алмадық. Ақыры мен биыл оқу туралы ойламай, денсаулығына көңіл бөлуіміз керек деп шештім.
— Қазіргі уақытта Қызылордада қалу туралы шешім қабылдадыңыз ба?
— Қазір біз ақырын күтіп отырмыз. Бізді қаладан сыртқа шығармайды. Себебі тергеу әлі жүріп жатыр. Біз кеткіміз келеді және мүмкіндік туа сала тез арада кетеміз. Мұнда тәулік бойы күзет тұр, сот аяқталғанша. Сот аяқталған соң, кетуге мүмкіндік туады.
— Қыздың сутенерлері туралы не білесіз?
— Нұрай — қызымның сыныптасы, ал Жаннұр — оның немере әпкесі, Дамир де сыныптасы, ал Асылжан — оның немере ағасы. Нұрай анасы мен 9–10 жастағы інісімен бірге тұрады. Анасы вахталық әдіспен медбике болып жұмыс істейді. Дамир де анасы мен тұрады. Ата-аналары ықпалды адамдар емес. Олар менің қызым тапқан ақшамен өмір сүрді. Олар әр сағат сайын кезектесіп ақша жіберуге мәжбүрледі. Менің қызым бір тиын да алмайтын, тіпті жолақысы үшін де сол ақшадан алуына рұқсат бермеген.
— Қызыңыз Нұраймен неге достасты?
— 10-сыныпта Нұрай бізге жиі келіп жүргенде, мен де қызымнан осыны сұраған едім. Ол жауап берді. Басқа екі жақын құрбысы колледжге оқуға кеткен соң достасыпты. Сыныпта қыздардың үштен бірі өте ересек көрінеді, ал үштен бірі — жас. Олар екеуі орташа қалыпты жасөспірімдерше көрінеді.
— Сіз қызыңыздың буллингке ұшырағанын байқадыңыз ба?
— Мүлде байқамадым. Тек 10-сыныпта ол мектептен жылап келген еді. Ол өзін қазақ тілі пәнінің мұғалімі жек көретінін және үнемі қорлайтынын айтты. Оның себебі қызым орыс тілді болғаны екен. Мен мектепке барып, мәселені шешкім келді. Бірақ қызым оқу жылын аяқтауға аз қалды деп қарсы болды.
— Сіздің айтуыңызша, қызыңыз сексуалдық құлдықта болған кезде қалада болмапсыз. Бұл рас па?
— Мен бұл оқиғалар болғанға дейін қалада болмадым. Күйеуім қызым жұмысқа тұрды деп хабарлағаннан кейін сол күні-ақ Қызылордаға қайта оралдым.
— Мектепте сіздің қызыңызбен ортақ тіл табыса алмай, ұстаздардан көмек сұрағаныңызды айтыпты. Бұл рас па?
— Иә, ол рас. Мен шын мәнінде наурыз айынан бері мектепке көмек сұрап барғанмын, бірақ олардан тек боқтау мен қорқыту естідім. Бізді ата-ана құқығынан айырып, ал қызымды арнайы интернатқа беруі мүмкін екенін айтты.
— Полиция сіздің қызыңызды Қызылордадағы сауналардың бірінде рейд кезінде тапқанын және оны бөлімшеге жеткізгенін айтады. Ал бір бала сізге оқиға жайлы айтты дегеніңіз рас па?
— Бұл өтірік. Бізде дәлелдер мен 6 тамыз күні таңертең оны үйіне жеткізген куәгер бар. Оны саунадан тапқан жоқ. Мен барлық детальдарды айта алмаймын, себебі тергеу құпиясын бұзамын. Бірақ кейінірек клиенттер туралы бәрін айтып беремін. Сеніңіз, сіз бұл тізімді көріп жағаңызды ұстайсыз.
— Тергеу қашан аяқталады және қанша адам істі болып отыр?
— Мен қазіргі уақытта қанша адам ұсталғанын және қанша адам жауапқа тартылатынын ұқпадым. Себебі бізді 10 күн бойы ДВД-ге шақырған жоқ. Бірақ мен бес тергеушінің істі қарауға қосылғанын білемін. Олардың айтуынша, тергеу қазанның соңына дейін аяқталады. Бір іс сотқа жіберілді, бір іс прокуратурада, ал үш іс дайын. Мен оларға қол қойдым. Күдіктілер арасында құқық қорғаушылар мен ықпалды адамдар бар.
— Оқиғалардың хронологиясын тізіп айта кетсек. Сіз бұл жағдай туралы алғаш қайдан білдіңіз?
— Мен 6 тамызда, қызым үйге оралғанда білдім. Бір жыл бұрынғы кез жайлы айта кетейін, 13 тамызда Нұрай Астанадан, қызым Алматыдан келеді. Сол күні олар оның туған әпкесі Жаннұрдың туған күніне баратын болды. Бұған дейін менің қызым Жаннұрды тек сырттай көріп, жақын араласпай жүрген. Тамыздан кейін Жаннұр олармен етене жақын араласа бастады. Өзін мейірімді әпке ретінде көрсете бастады. 2023 жылдың қараша айында ол қыздардың көзінше текила ішіп, ішкеннің өте қызық әрі керемет екенін айтыпты. 2024 жылдың 14 қаңтарында Жаннұр қызыма электронды темекі мен алкоголь ішуге ұсыныс жасайды. Содан кейін оны жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлейді. Осы уақыт аралығында тамызға дейін, бәрі ашылғанша осы сұмдық жалғаса берді.
— Сіз қызыңызды қорқытқанын айтып, соның ішінде боксшы қыздарды атап өттіңіз бе?
— Иә, оны қорқытып, бопсалады. Қызым Нұрайдың үйінде жүрген кезде, оған үнемі озбырлық көрсетті. Жаннұр өзінің ықпалды және мықты екенін, туған ағасының КНБ-де жұмыс істейтінін айтып жүрді. Ол өзінің достарының боксшы және бұзақы екенін айтыпты. Сонымен қатар, Жаннұр менің қызымды жуынатын бөлмеде терезенің бір саңлауынан жалаңаш суретке түсіріп алыпты. Суретте Нұрай да бар. Сол күні олар текила ішіп, кімнің көп ішетініне бәстескен.
14 қаңтардан кейін Жаннұр қызыма суреттер мен видеоларды көрсетіп, оны Кыздар.нет сайтында тіркелуге көндіріпті. Сол кездері қызым менен жиі ақша сұрап жүрді. Таңертең, түстен кейін және кешке 1000-1500 теңге жіберуді сұрайтын.
Сол кезде олар одан сайтқа тіркелуге келіспегені үшін iPhone 11-ін тартып алады. Оны бопсалап, жалаңаш видеоны ата-анаңа көрсетеміз депті.
20-25 қаңтарда оны сайтқа тіркейді, бірақ қызым онша алаңдамапты. Себебі ол кәмелетке толмағанын біліп, ешкім оған қызыға қоймайды деп ойлаған екен. 4 ақпанда оған клубқа барып, клиенттерді өздігінен іздеуді бұйырады. Сол күні ол алғаш рет жыныстық зорлық көреді. Қызым соңына дейін оған тиіспей, аяп қоя береді деп үміттеніпті. Сол еркекке жалынады, бірақ ол бәрібір қызымды зорлаған.
Соо кезден бастап олар қызымды күн сайын қорлап отырған. Бейнежазбаға түсірген, тұншықтырған. Мен сол видеоларды көрдім, бірақ қызым сол жерде есінен танып қалғандықтан, қарауға дәтім шыдамады. Жаннұр, менің қызымнан екі есе үлкен, қызым диванда ұйықтап жатқанда оның үстіне секірген. Оның басына жұмыртқа жарып, мазақ қылған.
— Неге қызыңыз ешкімге шағымданбады? Неліктен қорлыққа шыдады?
— Өйткені Жаннұр үнемі ағасының КНБ-де жұмыс істейтінін айтып отырған. Ол жазадан қорықпаймын. егер мені соттаса да, бәрібір құтқарады деп айтып жүрген. Жаннұрдың әпкесі Астанада ІІМ қызметкеріне тұрмысқа шыққан. Ол мұны ашық түрде көрсетіп, оған не болатынын түсіндіріп, білгенін істеуге болатынын ұқтырған.
— Оқиғалар қызыңыздың мектепке баруына қалай әсер етті?
— Ақпанның соңында қызым жұмысқа тұрғанын айтты. Мен таңғалдым, өйткені ҰБТ-ға дайындық жақындаған еді. Өзі дайындалып жүрген. Қараша, желтоқсан және қаңтар бойы дайындалды. Қанша дайындалса да, ол сынақтан қалаған баллды ала алмады және көңілі түсті. Біз әкесі екеуміз күнде оған телефон соғып, демеу көрсетіп отырдық. Сондықтан жұмысқа орналасу туралы өтініш біз үшін ауыр болды. Қызым телефонды сындырып алғанын, жаңа телефон сатып алғысы келетінін айтты. Біз әкесі екеуміз оған туған күніне жаңа телефон алып береміз деп уәде еттік, бірақ ол бас тартты. Ол біздің сөзімізге құлақ аспады. Біз оған тыйым салып, оны үйге алып келуге тырыстық, бірақ ол көнбеді.
Оны үйге қайтару үшін кейде қорқытуға тура келді. Мен телефон соғып, егер ол қазір оралмаса, мектепке баратынымды айтатынмын. Солай қорқытсам қайтып оралатын, бірақ кейін қайта қашып кететін. Мені алдап 10-15 минуттан кейін оралатынын айтып, бес сағатқа жоғалып кететін.
— Сіз мектепке барып, мәселені анықтадыңыз ба?
— Мен сөйлесуден ешқандай нәтиже жоқ екенін түсінген кезде, мектепке бардым. Мүмкін мен білмейтін бірдеңе бар шығар деп, не болып жатқанын білгім келді. Мұғалім ең алдымен мәселе ҰБТ-дан нашар нәтиже алуында болуы мүмкін деді. Сонымен қатар, ол қыздың Нұрайдың ықпалында екенін, екеуі бір партада отырғанын, тіпті сабақта бірге ұйықтайтынын айтты. Ол маған мектептегі олардың фотосуреттерін жіберді.
Мен мектепке бірнеше рет бардым, бірақ бір кезде психолог пен орынбасар мені ашық түрде қорқыта бастады. Олар арызымды жалғастырсам, қызымды арнайы интернатқа алып кететінін айтты. Ондай арнайы интернаттарда толық емес отбасылардан шыққан балалар, нашақорлар, маскүнемдер бар. Олар қызымды онда зорлайды және қысым көрсетеді деп сендірді. Мінезі тым жұмсақ болған соң, өзін қорғай алмайтынын айтты. Директордың орынбасары мені оқу жылының соңына дейін бірнеше ай қалғанын айтып, шыдай тұру керегін айтты. Солай полицияға арыз жаздырмай қойды.
Сәуір айында мен шыдамай, учаскелік инспекторды шақырдым. Ол бізге келді, қызыммен сөйлесті де... Полицей жылай бастады. Ол ештеңе жазбады, протокол да жасаған жоқ, тек жылап, өзінде бала кезде жоқтың бәрі менің қызымда бар екенін және оның бақытты өмір сүру үшін жағдай бар екенін айтты.
— Қызыңыздың үйдегі мінез-құлқы өзгерді ме?
— Әдетте менің балаларым таңертең ерте тұрып, таңғы асын жеп, мектепке кететін. Олар өз бетінше тұратын. Ал қызыма ерте тұрып жиналу қиын болды. Ол кейде гигиена сақтамай, майлын шашпен жүретінді шығарды. Өзін күтуге күші де болмады.
Ол жабық киімдер киетін болды, кофта киіп ұйықтайтын. Тіпті, мамыр айында, аптап ыстықта ол ұзын жең, қалың киімдер киіп жүрді. Сабақтарына бармай, түлектердің дайындығына қатыспады. Өзінің бітіру кешіне шалбармен барды. Мен оған шаш үлгісіне деп, макияжға және көйлек сатып ал деп ақша берген болатынмын. Сол кездері оған әдемі туфли сатып ал деп көндіруге тырыстым. Мен оған салонға шамамен 60 мың теңге аудардым. Бірақ ол ақшаны өзіне жұмсамады.
Бір күні біз оған iPhone 15 Pro Max сатып әпердік. Сол кезде соңғы модель еді. Қызының көңіл-күйі түспеуі үшін әкесі екеуі сауда орталығына барып тұрып алған еді. Бірақ біраз уақыттан кейін біз оның ескі телефонмен жүргенін қайтадан байқадық. Нұраймен екеуі телефонды 400 мың теңгеге ломбардқа өткізгенін кейін білдік. Ломбард ақшаны Нұрайдың есепшотына аударған, ал одан әрі қайда кеткені белгісіз.
Ол жоғалып кеткен сайын мен оған «Қызым, не болып жатыр? Айтшы, біз көмектесеміз, үйге орал!» деп сұрайтынмын. Мен оны қайтару үшін және не болып жатқанын түсіну үшін бар амалды жасадым. Ол мұндай нәрселердің болғанын тіпті меңзеп те айтқан жоқ.
Қазір мен көп нәрсені дұрыс істемегенімді түсініп отырмын. Ол біз бәрін біліп қояды деп қорыққан, егер біз шындықты білсек, көтере алмайды деп ойлаған. Ол ата-анасына, әжесіне алаңдады. Қыздарының үйде болмағанынан бізге қиын болғанын көрді және одан да жаманы, сұмдық оқиғаны білсе жынданып кетер деп уайымдады.
— Сондай-ақ, қалада сексуалды қылмыстарға қатысты тенденция бар ма?
— Иә, өкінішке қарай, бұл мәселе қалада бар. Кейбір жастар, әсіресе, әлеуметтік желілерде, қыздарды жезөкшелікке итермелейді. Менің ойымша, бұл ең алдымен отбасындағы тәрбиеден басталады. Әкесі мен шешесінің өз балаларына жеткілікті назар аудармауы, әлеуметтік желілердің зиянды әсері, сонымен қатар, қоғамда жыныстық қатынасқа қатысты стереотиптердің сақталуы — бұл мәселеге өз әсерін тигізеді.
Кейде ата-аналар бұл жағдайды жеңіл қабылдайды. Олар балаларының не істеп жатқанын білмейді немесе олардан қорқады. Ақыры балалардың психологиялық жағдайы нашарлайды, ал бұл жыныстық қатынасқа баруына әкеп соғады.
Біздің қоғамда жәбірленушілерді қолдаудың орнына, оларды табалау, мазақ ету және отбасыларын ұятқа қалдыру әдеті бар. Сондықтан менің пікірімше, сексуалды қылмыстармен күресу үшін қоғамда ақпараттандыру және білім беру жұмыстарын жүргізу қажет.
Жаңалықтар
- Нұрғанатқа пышақты Абзал салды, басқа кім? – Равиль Сакиев
- «Тыныш жүр дедік қой»: Шымкенттегі тәуелсіз журналист тағы қысым жасап жатқанын айтты
- Дариға Назарбаеваның күйеуі Қаңтар оқиғасынан кейін QazaqGaz-дан қалай ақша алды?
- «Кешіріп үлгерді»: Петропавлда соғыс ардагері қайғылы оқиғадан кейін көз жұмды
- Шерзат соты: Қаржаубайдың адвокатына шұғыл жедел жәрдем шақырылды
- «Нұрғанатты ұрайын деп бардым, бәкі салып алдым»: Шерзаттың сотында Шыңғыс Белғожаев жауап берді
- Ресейде қазақстандық студент террорист деген күдікпен қамауға алынды
- Сөгіс естіген көлік министрлігі ішкі тексеріс жұмыстарын жүргізеді
- Белгілі спортшының отбасында құлдықта болған Мұқанның ісі бойынша тың дерек шықты
- «Нұрғанат мылтықты оқтап жатты»: Калашников мылтығы мен «Хутор» жазбасы кімге тиесілі?
- «Абзал пышақтан қанды сүрткенін көрдім»: Шерзаттың ісіндегі күдіктіні Қаржаубайдың кешірімі құтқара ма?
- Мәйіт таситын көлік және желіні өшіргіштер: Алматыдағы Назарбаевтар резиденциясы мен «Кеңсай» зиратында не болып жатыр?
- Полиция бөлімі бастығының орынбасары парамен ұсталды
- Қазақстанда Байқоңыр ғарыш айлағының құрылғылары мен кейбір ғимараттары сатылады
- Қызғалдақпен суретке түскен әкімнің ісі уақытша тоқтады
- «Жол жоқ – салық жоқ»: 4 әкім 12 жыл бойы 15 млрд шығынмен Алматының бір жолайрығын қалай салып жатыр?
- Шерзат ісі: Азамат Тоқтаубаевтың бір емес, төрт рет істі болғаны анықталды
- Шымкентте алаяққа алданған оқушы Free Fire аккаунты үшін 2 млн ақшадан айырылды
- «Бірнеше рет қылмыс жасаған»: Кісі өлтіруге оқталған қазақстандық Арменияда ұсталды
- «Путин келмейді»: Украина мен Ресей арасындағы келіссөздер бүгін өтеді