Қазақстанда халықаралық есірткі арнасының күдікті ұйымдастырушысы тұтқындалды
Фото: ҚР ҰҚК
Қазақстанда есірткі жеткізудің халықаралық арнасының күдікті ұйымдастырушысы тұтқындалды, деп хабарлайды ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеп Orda.kz.
«Астана және Алматы қалалары бойынша ҰҚК департаменттері прокуратура органдарын үйлестірумен бірге елімізге синтетикалық есірткі жеткізудің халықаралық арнасының жолын кесті. Қабылданған шаралар арқылы есірткі арнасын ұйымдастырушы деп болжанған адам тұтқындалды» деп жазылған хабарламада.
Сонымен қатар, Алматы облысы бойынша ҰҚКД жедел қызметкерлері прокуратураның қолдауымен есірткінің ірі партиясы бар қойманы анықтады.
Есірткі заттарын сақтады деген күдік бойынша сот санкциясымен Қазақстан азаматы қамауға алынды.
Алдын ала деректер бойынша, есірткі интернет арқылы өңір аумағында жұмыс істейтін ірі есірткі дүкенінің мүддесімен сатылған.
Осы іс-шаралардың нәтижесі бойынша 18 келі психотроптық заттар мен 500 литрден астам прекурсорлар алынғаны көрсетіледі.
«Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде» деп жазылған хабарламада.
Жақында ҰҚК қызметкері «Борат» интернет-дүкенінде есірткі жасырушы болып жұмыс істегені үшін ұсталды.
Елімізде 2024 жылы есірткі қылмысына қарсы күрес комитеті құрылды.
Былтыр Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов өзінің Telegram-арнасында есірткі бизнесіне қатысы бар шенеуніктерді өмір бойына жазалауды ұсынды.
Биылғы ақпан айында Алматы облысындағы қаржы мониторингі есірткі саудасы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижесінде сот үкімі бойынша айыпталушы 16 жылға бас бостандығынан айырылды.
Жаңалықтар
- Қазақстанда зейнетақы активтерін басқаратын алтыншы жеке компания пайда болды
- Венесуэла президенті Николас Мадуро АҚШ түрмесінен үндеу жариялады
- ШҚО-да жолдағы бала өліміне қатысты жол-құрылысы ұйымының бас инженері сотталды
- Қытай компаниясы Қазақстандағы кен орнын сатып алып рекордтық дивидендке қарық болды
- Қайын жұртын түгелдей қырып тастаған күдікті өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін
- Айыппұлға ашуланған екі жігіт көшедегі камераларды қиратқан
- АҚШ пен Еуропада миллиондаған адам Трампқа қарсы наразылыққа шықты
- Алматыда LRT құрылысы үшін 270 жер учаскесі алынады
- Алматы полициясы әйелдерін «сыйға тарта салатын» имамды жазалады
- Ұлыбританияға жұмысқа орналастырамын деп 80 адамның 40 миллион теңгесін қағып алған
- АҚШ Таяу Шығысқа 3 мыңнан астам теңіз жаяу әскерінің келгенін хабарлады
- Таяу Шығыстағы қақтығыс салдарынан «астық дағдарысы» болуы мүмкін
- Көлік салығына байланысты кімдердің шоттары бұғатталады?
- ТЖМ Қазақстанның бірнеше өңірінің тұрғындарына ескерту жасады
- Трансгендерлердің Олимпиадаға қатысуына тыйым салынды
- «Жер сағаты» акциясы: Қазақстан бір сағатқа жарықты сөндіреді
- Алматы құрылыс бақылау басқармасы заңсыз лицензия таратқан: қылмыстық схема әшкере болды
- БАҚ: Украина әскери қимылдарға арналған қаражат тапшылығына ұшырады
- «Халық заңгері»: дипфейктер Қаржылық мониторинг агенттігіне де қол салды
- Түркістан облысында сталкинг бойынша алты іс сотқа жолданды