Қазақстанда енді жұбайының қатысуынсыз ажырасуға рұқсат берілді
Фото: Pexels
2025 жылдың 16 қыркүйегінен бастап Қазақстанда некені бұзудың жаңа ережелері күшіне енеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Жуырда президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Неке және отбасы туралы» кодекске енгізілген түзетулерге қол қойды. Өзгерістер біржақты тәртіппен некені бұзу рәсімін жеңілдетеді.
Бұған дейін ерлі-зайыптылардың біреуі екіншісінің келісімінсіз ажырасу үшін мына жағдайлардың бірінің болуы жеткілікті еді:
- Екінші тарап хабар-ошарсыз кеткен деп танылса;
- Әрекетке қабілетсіз немесе шектеулі әрекетке қабілетті деп танылса;
- Кемінде үш жыл мерзімге бас бостандығынан айырылса.
Енді бұл тізімге тағы бір тармақ қосылды. Егер екінші жұбай халықаралық іздеуде үш жылдан астам уақыт болса, неке бұзылады.
Соңғы себеп бойынша ажырасу үшін АХАТ бөліміне өтініш беру керек. Оған қоса, адамның халықаралық іздеуде екені туралы қылмыстық қудалау органдарының құжатын қоса тіркеу қажет. Осыдан кейін өтінішті Әділет министрлігі растайды.
Биыл көктемде мәжіліс депутаты Ардақ Назаров ажырасқан қазақстандықтарға салықты көтеруді және некені ресми бұзу үшін жоғары баж салығын енгізуді ұсынған еді.
2023 жылы Қазақстанда 120,8 мың неке тіркелсе, оның 40,2 мыңы бұзылған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық