Қазақстанда бейрезидент тұлғаларға банк шоттарын ашу тәртібі өзгереді
Қазақстанда резидент емес тұлғаларға банк шоттарын ашу тәртібін өзгертуге қатысты қаулыға түзетулер жобасы қаралып жатыр, деп хабарлайды Orda.kz.
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі басқармасының қаржы нарығын реттеу, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі қаулысына енгізілетін түзетулер жобасының сипаттамасы жарияланды.
«Жоба банктердің клиенттердің операцияларын мониторингтеу, зерттеу және талдау кезінде тәуекелге негізделген тәсілді қолдануды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының резидент емес тұлғаларына банк шоттарын ашу рәсімдерін оңтайландыруды қарастырады» деп жазылған хабарамада.
Құжатқа сәйкес, жоба қаржы ұйымдарына түсетін артық реттеушілік жүктемені азайту, сондай-ақ қолданыстағы заңнамалық актілерге сәйкестендіру мақсатында әзірленген.
«Жоба қаржы жүйесінің ашықтығын арттыруға және оған деген сенімді нығайтуға бағытталған» деп жазылған құжатта.
Еске салсақ, 2022 жылы Қазақстандық банктерге ресейліктердің бұрын-соңды болмаған ағынынан кейін еліміздегі банктер шот ашқысы келетін шетелдіктерге қойылатын талаптарды күшейткен болатын.
Украинадаға арнайы операция бастағаннан кейін ресейліктер санкцияға ұшырады. Бірақ олар санкцияны қалай айналып өтуге болатын жолдарды да тез тауып жатыр. Туристік агенттіктер тіпті жаңа қызмет түрін – «карталық туризмді» ойлап тапты. Содан бері ресейліктер Қазақстанға немесе, мысалы, Арменияға бірнеше күнге жергілікті банктерде Visa немесе Mastercard карталарын алу үшін ағыла бастады.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық