Қазақстанда алаяқтық жасады деген күдікті түрік азаматы Черногориядан экстрадицияланды
Фото: freepik.com
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы мен ҚР ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросы қызметкерлері Қазақстанның Черногориядағы елшілігінің қолдауымен аталған елден аса ірі көлемде қаржы жымқырды деген күдікпен Түркия азаматын экстрадициялады. Ол қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Қазақстанға жеткізілді, деп хабарлайды Orda.kz.
Тергеу барысында аталған тұлғаның құрылыс компаниясы басшысы болған 2022–2024 жылдар аралығында жалған келісімшарт жасасу және аффилирленген ұйымдар арқылы ақша аудару жолымен Алматы қаласындағы тұрғын үй кешендерін салуға арналған 6 миллиард теңгеден астам қаражатты жымқырғаны анықталды.
Қылмыс жасағаннан кейін күдікті шетелге қашып кеткен, оған халықаралық іздеу жарияланды.
2025 жылғы наурыз айында ол Черногория аумағында табылып, ұсталды. Кейін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша Қазақстанға экстрадицияланды.
Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды.
Аталған қылмыс бойынша 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу жазасы көзделген.
Еске салсақ, былтыр шетелдік компаниялардың серверлеріне кіріп, компьютер деректерін шифрлайтын зиянды бағдарламалар орнатқан адам ұсталған болатын.
Оқи отырыңыз:
- Түркістан облысы арнайы прокурорлары шетелдіктердің интернет-алаяқтық фактісі бойынша тергеп-тексеруді аяқтады
- Алматыда жыл басынан бері 30-ға жуық шетелдік есірткі қылмысы үшін сотталды
- ҰҚК Қазақстанда шетелдіктерді заңдастыратын қылмыстық жолды анықтады
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық