Қазақстанда АЭС салатын «Росатом» қандай технология қолданады?
Фото: DALL-Е
«Росатом» басшысы Қазақстандағы АЭС құрылысына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Orda.kz.
«Росатом» мемлекеттік корпорацияның бас директоры Алексей Лихачёв Қазақстанның Атом энергиясы агенттігінің мәлімдемесіне жауап берді. Оның айтуынша, Қазақстанда салынатын атом электр станциясы әлемдегі ең озық әрі тиімді жоба негізінде салынады.
«Бұл жобада ресейлік технологиялар қолданылады. Әлемдегі ең заманауи АЭС-тердің бірі болады. Oнда ВВЭР-1200 реакторлары орнатылады. Алда әлі көп жұмыс бар және біз Ресей мен Қазақстан басшылығынан қолдау мен көмекті қуана күтеміз», – деп атап өтті Лихачёв.
Айта кетейік, Қазақстандағы алғашқы толыққанды АЭС-ті салу құқығына Ресей, Қытай, Франция және Оңтүстік Корея таласқан болатын. Үміткерлердің бәрінде қажетті технологиялар бар. Бірақ соңғы апталарда басты таңдау ресейлік «Росатом» мен қытайлық CNNC деп аталып жүрді.
Таңдау «Росатом» компаниясына түсті. Orda.kz энергетика саласындағы сарапшылармен бірге осындай маңызды жобаға неге ресейлік компанияны таңдағандарын және бұл шешімнің артықшылықтары мен кемшіліктерін саралап көрген еді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық