Қазақстан VI Ислам ынтымақтастығы ойындарында 56 медаль жеңіп алды
Фото: olympic.kz
Эр-Рияд қаласында өткен Ислам ынтымақтастығы VI ойындарында қазақстандық спортшылар 15 алтын, 20 күміс және 21 қола медальға ие болды, деп хабарлайды Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеп Orda.kz.
«Эр-Риядта «One nation - бір ұлт» ұранымен өткен Ислам ынтымақтастығының VI ойындары аяқталды. Жарысқа 57 елдің спортшылары қатысты. Қазақстандық спортшылар барлығы 56 медаль: 15 алтын, 20 күміс және 21 қола медаль жеңіп алды. Бұл көрсеткіш біздің спортшылардың жоғары дайындық деңгейін және халықаралық аренадағы нәтижелердің тұрақты өсуін көрсетеді» деп жазылған хабарламада.
Қазақстан құрамасы 16 спорт түрінен өнер көрсетті: жеңіл атлетика, киберспорт, семсерлесу, гандбол, джиу-джитсу, дзюдо, каратэ, жүзу, үстел теннисі, таэквондо, ауыр атлетика, еркін күрес, грек-рим күресі, әйелдер күресі, ушу және муай-тай.
Бұл ретте бокс, волейбол, ат спорты, 3х3 баскетбол, футзал, дуатлон және түйе жүгіруден командалар кейбір себептермен қатыспады.
Қазақстан алғаш рет спорттың бірқатар түрлерінен алтын медальдарды жеңіп алды: дзюдо (Аруна Жангелдина), үстел теннисі (Кирилл Герасименко және ерлер командасы), муай-тай (Тұрар Дүйсехан), семсерлесу (ерлер командасы), джиу-джитсу (үш алтын).
Спорттық реванш: үстел теннисінен Кирилл Герасименко Париж Олимпиадасында Омар Мұхаммед Ассарды жеңсе, әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан бахрейндік олимпиада чемпионы Ахмед Тәжудиновты жеңді.
Медальдар алғаш рет гандбол, джиу-джитсу, муай-тай, ушу және семсерлесуден түсті.
Еске салсақ, Геннадий Головкин халықаралық World Boxing ұйымын басқаруға үміткер ретінде жалғыз өзі тіркелді. Оның соңғы қарсыласы — Грекия өкілі Харис Мариолис сайлауға қатысудан бас тартты. Бұған дейін дәл осындай шешімді Владимир Кличко қабылдаған болатын. Осылайша, осы аптаның соңында Италияның Рим қаласында өтетін дауыс беруде Головкин ұйымның жаңа президенті болмақ.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық