«Қазақстан» шахтасындағы апат: 5 адамның өліміне кінәлілер сотталды
Фото: Сурет нейрожелімен жасалған
Шахтинск соты бүгін «АрселорМиттал Теміртау» компаниясына қарасты «Қазақстан» шахтасында 5 адамның қаза табуына байланысты айыпталған төрт адамға үкім шығарды, деп хабарлайды Orda.kz.
4 айыпталушының кінәсі нақтыланды. Олар 4 жылға бас бостандығынан айырылды.
Сот сотталушыларды «екі немесе одан да көп адамның абайсызда өліміне әкеп соқтырған тау-кен және құрылыс жұмыстарын жүргізу кезіндегі қауіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін» кінәлі деп тапты. Судья сотталғандардың төртеуін де сот залында қамауға алуға, ал жазаны өтеу мерзімін олар ұсталған сәттен бастап есептеуге қаулы етті.
Бұған дейін прокурор барлық төрт сотталушыны төрт жылға бас бостандығынан айыруды сұраған. Айыптаудың осы бабының санкциясы үш жылдан сегіз жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді.
Жәбірленушілер шахта мен компанияның жоғары басшылығы да сот алдында жауап беруі керек деп мәлімдеді. Апат болған кезде шахтаға үндістандық миллиардер Лакшми Миттал иелік еткен.
Сотталушылардың адвокаттары ақтау үкімін талап етті. Сотталғандардың қатарында- ТЖ кезінде «Қазақстан» шахтасында өндіру жөніндегі директордың орынбасары міндетін атқарған қызметкер, шахтаның конвейерлік учаскесінің бастығы, бір жылдан аз жұмыс істеген оның орынбасары және жарты айға жуық – шахтаның конвейерлік учаскесі механигінің орынбасары міндетін уақытша атқарушы қызметкер болды.
Тергеу шамамен бір жылға созылды. Сот 2024 жылдың маусымында басталды.
Еске салайық, қайғылы оқиға 2023 жылдың 17 тамызында болған. Апат болған кезде жер астында 227 шахтер болған, олардың ішінде 222 шахтер жер бетіне шығарылды.
2021 жылы Қазақстан төтенше жағдай министрлігінің мамандары «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының өндірістік нысандарында қауіпсіздік ережелері сақталмайтынын бірнеше рет анықтап, шара қолданған. Алайда соттар нысанның жұмысын тоқтату туралы өтініштерді орындамай, тек айыппұлмен шектелеген.
Жаңалықтар
- Алматының әл-Фараби даңғылында көлік жарысы тоқтар емес
- Украина Ресейдің мұнай инфрақұрылымына ауқымды соққы жасады
- Сот Қашаған операторларының ірі көлемдегі айыппұлға қатысты апелляциясын қанағаттандырмады
- Иран Ормуз бұғазының қайта жабылғанын мәлімдеді
- Шымкентте ЖОО-ның 320 миллионын жымқырған сегіз адам сотталды
- Алаяқтар қасиетті сапарға да қол сұғып, 17 қажының ақшасын қалтаға басқан
- «Әскер барысы – 2026» турнирінің жеңімпазы анықталды
- Жолда қарсы келе жатқан екі жүк көлігінің арасынан саспай өткен ақтөбелік ғаламтор жұлдызына айналды
- Дропперлер қылмыстық жауапкершілікке тартылады
- Қазақстанда энергетикалық қауіпсіздік күшейтіліп, кемінде үш АЭС салынады
- Баян Алагөзова: «Қыз Жібектің» қамзолы 50 жыл ешкімге керек болмады
- Тоқаев Анталиядағы дипломатиялық форумда не айтты?
- Ормуз ашылды, бірақ қысым сақталады: Иран, Трамп және мұнай нарығы қалай өзгерді?
- Тоқаев БҰҰ-ды реформалау мәселесіне жауапкершілікпен қарау керегін айтты
- Министрлік Баян Алагөзованың «Қыз Жібек» фильміндегі киімге қатысты жариялаған жазбасына пікір білдірді
- АҚШ Сириядан өз әскерін толық шығарды
- Ақтөбе облысында 2 апта бұрын жоғалған 10 жастағы баланың денесі табылды
- Алматыда екі автобус соқтығысты, жарақат алғандар бар
- Әділет Алмат Азия чемпионы атанып, 4 жыл үзілістен кейін елге дзюдодан алтын әкелді
- Ливан Израиль бітімді бұзғанын мәлімдеді