Қазақстан мен Қырғызстан полицейлері Шымкенттегі есірткі трафигінің жолын кесті

cover Фото: pixabay.com

Шымкент қаласында халықаралық деңгейде ауған апиынын жеткізу арнасына қатысы бар деген күдікпен Қазақстанның екі азаматы ұсталды, деп хабарлайды Orda.kz.        

Арнайы операцияны Қазақстан мен Қырғызстанның ішкі істер министрліктері жүргізді.  ІІМ мәліметінше, бірлескен арнайы операция трансұлттық есірткі трафигінің жолын кесуге бағытталған.

Ұстау барысында күдіктілерден ауғанстандық шыққан шамамен 5 келі апиын тәркіленді.

«Бірлескен арнайы операция барысында Шымкент қаласында Қазақстанның екі азаматы ұсталды, олардан Ауғанстаннан шыққан шамамен 5 келі «апиын» есірткісі тәркіленді», — деді ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті басқармасының бастығы Бақытжан Әмірханов. 

Есірткі құралдарының заңсыз айналымы фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.


 Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар