Ақтауда 1248 студент академиялық жауапсыздық күдігіне ілініп, 14-і оқудан шығарылды
Фото: Shutterstock.com
Ақтаудағы Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті студенттерінің жүздегені ағылшын тілі бойынша тест тапсыру кезінде Telegram-боттарды және бөгде адамдардың көмегін пайдаланғаны белгілі болды, деп хабарлайды Orda.kz.
Университет комиссиясы NEO платформасына жүргізілген ауқымды тексеруден кейін осындай қорытындыға келді.
Міндетті тілдік тестілеуге қатысты дау студенттер наразылығынан басталды. Олар Қазақстан Республикасы оқу-ағарту министрлігіне жүгініп, университет басшылығын сабырға шақырып, өздерін академиялық адалдықты бұзды деп айыптауды тоқтатуды сұраған болатын.
Алайда университет өз ұстанымынан бас тартпады. Нәтижесінде іс нақты санкциялармен аяқталды.
Университет мәліметінше, биылғы оқу жылында NEO платформасында 1882 студент білім алған. Оның ішінде 1248 студентке қатысты академиялық алаяқтыққа күдік туындаған.
ЖОО өкілдерінің айтуынша, тексеру барысында студенттердің бөгде көмекті, Telegram-боттарды және басқа да автоматтандырылған сервистерді пайдаланған жағдайлары анықталған. Білім ордасы мұндай әрекеттерді «мүлдем жол беруге болмайтын жағдай» деп бағалайды.
Сонымен қатар, әкімшілік мәліметіне сәйкес, кейбір студенттер тек өздері ғана көмек пайдаланбай, мұны табыс көзіне айналдырып, өзгелерге де осындай қызмет көрсеткен.
Осы схеманың ең белсенді 14 қатысушысы университеттен шығарылды. Тексеру қорытындысы бойынша тағы 248 студент пәнді қайта оқуға қалдырылды. Үш студентке қатысты материалдар олардың әрекеттеріне құқықтық баға беру үшін құқық қорғау органдарына жолданды.
Қалған 1350 студент қайта тестілеуден өтіп, өз нәтижелеріне өз күштерімен қол жеткізгенін тағы бір мәрте дәлелдеуі тиіс.
Сондай-ақ университет студенттерді белсенді қолдап, әкімшілік әрекеттерін сынға алған қоғам белсендісіне қарсы сотқа талап-арыз дайындап жатқанын хабарлады.
ЖОО басшылығы оның кейбір жарияланымдары оқу орны мен қызметкерлерінің іскерлік беделіне нұқсан келтірді деп есептейді.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық