Қазақстан мен Франция заңсыз мигранттарды кері қайтару жөнінде келісімге келді
Фото: Ақорда
Мәжіліс Қазақстан мен Француз үкіметтері арасындағы адамдарды реадмиссиялау туралы келісімді ратификациялады. Келісімге 2024 жылғы 5 қарашада Мемлекет басшысының Францияға сапары барысында қол қойылған, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл келісімнің негізгі мақсаты – ұлттық заңнама талаптарын бұзып екі ел аумағында жүрген адамдарды реадмиссиялау мәселелері бойынша екіжақты ынтымақтастыққа құқықтық негіз қалау. Құжатта осы елдер аумағында болу шарттарын бұзған немесе қиын жағдайға тап болған, айталық құжатын жоғалтқан адамдарды өз еліне қайтару қарастырылған.
«Қазақстан азаматтары жеке басын куәландыратын құжаттарының жоғалғаны немесе елде заңсыз жүргені туралы құзыретті органдарға хабарлаған жағдайда Франциядан ешқандай санкциясыз орала алады. Бұл ретте осы елдің Ішкі істер министрлігі азаматтың өз еліне қайтуы үшін құжаттарын ресімдеуге көмектеседі. Сонымен қатар келісім үшінші ел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарды олардың азаматтығы бар немесе тұрақты мекендейтін мемлекеттеріне қабылдау, ауыстыру және транзиттік тасымалдау ресімдеріндегі бірлескен іс-қимылдардың бірізділігі мен реттілігін қамтамасыз етеді» деп жазылған мәжілістің ресми мәлімдемесінде.
Анықтама үшін: Реадмиссия – бір мемлекеттен басқа мемлекетке кіруі, болуы немесе тұруы заңсыз деп танылған азаматтарды өз еліне қайтару рәсімі. Қазақстанда реадмиссия институты 22 елмен арада белсенді жұмыс істейді. Соңғы жылы реадмиссия бойынша 273 өтінішхат қаралды.
Еске сала кетсек, тәуелсіздік күні қоғамдық көлікке және өз көлігіне мемлекеттік туды іліп жүрген азаматтарды полиция тоқтатты.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық