Тәуелсіздік күні көлікке ту ілгендерді полиция тоқтатты
Фото: Бейнеден кадр
Тәуелсіздік күні қоғамдық көлікке және өз көлігіне мемлекеттік туды іліп жүрген азаматтарды полиция тоқтатты, деп хабарлайды Orda.kz.
16 желтоқсан — Тәуелсіздік күні қоғамдық көлікке мемлекеттік ту ілінгені үшін жүргізушіні полиция тоқтатып, туды алып тастауды талап етті. Оқиға қоғамда қызу талқыланып жатыр.
«Алматы, Алатау базарында туды неге тігесіңдер деп анау милициялар келіп шу шығарып жатыр. Міне, қаншама автобусты жібермей тұр. Көктуды желбіретесің деп бүкіл халықты ұстап тұр», — деді бейнежазбадағы әйел.
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік рәміздер туралы» заңында мемлекеттік туды қоғамдық көлікке ілуге немесе орнатуға тыйым салатын норма қарастырылмаған. Заңда мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарау — әр азаматтың міндеті екені көрсетілген.
Тура осындай жағдай жеңіл автокөлігі бар азаматтың да басынан өткен. Бірақ ол жерде полиция жолда ту желбіреп, жол қозғалысына кедергі келтіретінін атап өтті.
«Мына туды неге мен өз елімде неге мақтан қылып, көлігіме іліп алып жүре алмаймын?», — деді көлік жүргізушісі.
Полиция алып жүре алатынын айтып, қауіпсіздік шараларын сақтау қажет екенін ескертті.
«Жаңа тоқтатты. Неге жүруге болмайды деп сұрасам: «жүруге болады, дұрыс!» деді. «Бірақ жоғары жақтан маған жүргізбе деп жатыр» деді. Арнайы жауап алайын деп түсіріп тұрмын», — деді көлік жүргізушісі.
Полиция айнаны жауып қалатынын, өзгелерге кедергі келтіретінін қайта-қайта айтты.
Жаңалықтар
- Ливан өлім жазасын жойған алғашқы араб елі болды
- Нұрай Серікбайдың өлімі: Прокурор күдіктіге өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын сұрады
- Иранның қастандық жасау қаупіне байланысты Трамп ұшағын ауыстыруға мәжбүр болды
- Бір серіктестіктің алты бірдей жұмысшысы құдыққа түсіп қаза тапқан: Полиция үш адамды ұстады
- Бала ауыр халде: Футбол алаңында төтенше жағдай болды
- Сирияның бұрынғы президенті Башар Асад сырттай өлім жазасына кесілді
- Алматыда күйеуін өлтірген әйел сотта ақталды
- Прокуратура талабымен: Атырау облысында полицейлерді соққыға жығып, бостандықта жүргендер сотталды
- Аичи-Нагоя-2026: Азия ойындарының медальдары таныстырылды
- Қытайлық ғарыш миссиясы сәтсіз аяқталды: Зымыран тасығыш 90 секундта жарылып кетті
- Медициналық сақтандыру қорынан 3,5 млрд теңгеден астам қаржы ұрланған
- Ақсайда түнгі клубта жаға жыртысқандар жазаланды
- «Крыша боламын» деп 30 млн теңге талап еткен ММА жаттықтырушысы ұсталды
- Парсы шығанағында тұрып қалған кемелер әлемді экологиялық апатқа ұшырата ма?
- Бесағашта мас ер адам көшеде қыздарға бейәдеп ұсыныс жасаған
- Астанада полиция қызметкері кәмпитке қақалған баланың өмірін құтқарды
- Елден жаппай ақша алып қашып жатқандар кім? ҰҚК мәлімдеме жасады
- Қазақстандықтар үй сатып алуды азайтты ма? Тұрғын үй нарығында жаңа өзгеріс байқалды
- Өз тойына келе алмаған жұптың тойы экран арқылы өтті
- Үйлену тойында пышақтап өлтірген: Ақтөбе облысындағы сұмдық жайт