Қазақстан құрамасының бас бапкері отставкаға кетті
Фото: kff.kz
Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Әли Әлиев Қазақстан Бельгиядан 0:6 есебімен ұтылғаннан кейін қызметінен кету туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Orda.kz.
Әли Әлиев ойыннан кейінгі баспасөз мәслихатында команда нәтижесі үшін толық жауапкершілікті өз мойнына алатынын мәлімдеді.
«Барлық жауапкершілікті өзіме аламын. Отставкаға өтініш жазамын», — деді ол.
Мұның алдында Әли Әлиевтің шәкірттері Астанада Уэльсті қабылдап, 0:1 есебімен жеңілген еді. Ал, жалпы, іріктеу турнирінде 5 матч өткізіп, оның тек біреуінде – Люксембургпен болған ойында жеңіске жетті.
Әлиев бұл қызметке биыл қаңтарда келген. Ол ресейлік маман Станислав Черчесовты алмастырды.
Айта кетейік, Қазақстанда 7 футбол клубы жекешелендірілуі мүмкін. Бұл туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі мәлімдеді. Жекешелендіруге ұсынылған спорттық ұйымдар қатарында «Астана», «Атырау», «Ордабасы», «Тұран», «Шахтер», «Каспий» клубтары бар.
Жаңалықтар
- Министр: Тұрғын үй бағасының зейнетақы жинағына қатысы жоқ
- Әскерде зорландым деп ақша жинаған адам сотталды
- Енді темекі шегетіндер өкпе обырына тегін тексеріле алады
- Тамыздан бастап Қазақстанда не өзгереді: Жүргізуші куәлігі, жаңа сайлау
- Махамбет Өтемісов атындағы университеттің ректоры ұсталды деген ақпарат тарады
- Дастан Сәтпаев «Челси» сапында дебют жасады
- 31 жастағы ер адам 74 жастағы әйелді пышақтап өлтірді
- Астанада өз бетінше автобус жуып жүрген жігіттің әрекеті мемге айналды
- Нұрай Серікбайдың ісі: Сот алқабилерсіз өтуі мүмкін, жәбірленуші тарап тікелей эфир талап етті
- Жаңа талап: Жүргізуші куәлігін жарамсыз етуге қандай негіз бар?
- Қорапқа салып берді: Жаңа туған үшем Алматы облысындағы ауруханада шетінеп кетті
- Қазақстан қорықтарында 19 орман өрті тұтанды
- Трамп Канададан келетін тауарларға 50 пайыздық баж салығын енгізді
- Тоқаев Испания құрамасын футболдан әлем біріншілігіндегі жарқын жеңісімен құттықтады
- ӘЧ-2026: Испандар жеңісі үшін гауһар тасты 30 алтын жүзік алады
- Павлодар облысында құдыққа түскен алты адам қаза тапты: Марқұмдардың ең жасы 16 жаста
- Әлем чемпионаты – 2026: Турнирдің үздіктері анықталды
- Месси мен Роналду дәуірі аяқталды: 2026 жылғы әлем чемпионаты несімен есте қалды?
- Ескертуге қарамастан КҚК теңіз терминалындағы мұнай танкеріне тағы шабуыл жасалды
- Венесуэладағы жер сілкінісі құрбандарының саны бес мыңнан асты