Қазақстан Қорғаныс министрлігі Ресейдің әскери ынтымақтастық келісімін өзгерту жоспарына қатысты пікір білдірді
Фото: Қорғаныс министрлігі мұрағатынан
Қазақстан Қорғаныс министрлігі Ресейдің әскери-техникалық ынтымақтастық туралы келісімдерді өзгерту жоспарларына қатысты түсініктеме беріп, барлық өзгеріс Қазақстан Республикасы заңнамасына қатаң сәйкес жүргізілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Ресей президенті Қазақстанмен қолданыстағы келісімдерді өзгерту жөнінде келіссөздер жүргізу туралы өкімдерге қол қойды. Бұндай ұсынысты Ресей үкіметі көтерген болатын.
Қазақстан Қорғаныс министрлігі әскери және әскери-техникалық саладағы халықаралық ынтымақтастық ұлттық заңнамаға, елдің халықаралық міндеттемелеріне, сондай-ақ республиканың мүдделері мен мемлекеттік қауіпсіздікті қамтамасыз ету талаптарын ескере отырып жүзеге асырылатыны атап өтті.
«Халықаралық шарт жобаларын дайындау, келісу, мазмұны мен қаралу барысына, сондай-ақ оларды әзірлеуге қатысты өзге де құжаттарға байланысты мәселелер уәкілетті мемлекеттік органдардың құзыретіне жатады және заңнамада белгіленген тәртіппен қаралады. Ішкі мемлекеттік рәсімдердің барлығы аяқталғанға дейін министрлік құжат жобалары мазмұнына, оларға енгізілуі мүмкін өзгерістерге, оларды әзірлеу кезеңдеріне, сондай-ақ іске асыру перспективаларына қатысты түсініктеме бермейді», деп жауап берді ведомство БАҚ сауалына.
Ведомство мәліметінше, егер келісімдер немесе хаттамалар қабылданса, кейінгі барлық әрекет Қазақстан заңнамасына қатаң сәйкес жүзеге асырылады.
Ал шектеу қойылмаған ақпарат ресми ресурстар арқылы жұртшылыққа жеткізіледі.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- «Малсыңдар»: Димаш Құдайберген әйелін ұратын еркектерді сөкті
- Orda.kz сайтының бұрынғы бас редакторы Гүлнәр Бажкеноваға сот үкімі шықты
- Мектепте атыс шығарып, әрекетін стримде көрсеткен: Екі оқушы қаза тапты
- Шакира жер сілкінісінен кейін Колумбияда 10 мектеп салып бермек
- Астанада фельдшер Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты сот отырысы басталды
- Бақытжан Базарбек жол апатынан зардап шеккен азаматтың туыстарымен бірге видео жариялады
- 240 млн теңгеге жасалған Steppe Rider қазақ тілін үйретіп жарытпады: ҰҚК мен экономикалық тергеу тексеріп жатыр
- Тоқаев ТЖМ басшысына заманауи технология енгізіп, өрт қауіпсіздігі деңгейін көтеру жөнінде тапсырма берді
- Таразда аутизмі бар баланы балабақшада байлап ұйықтатпақ болған: Анасы жай-жапсарын айтты
- Қазақстаннан Дубайға ұшатын рейстер қыркүйек айының соңына дейін тоқтатылды
- Алматыда әйелді балағаттаған ер адамға қатысты полиция тексеру жүргізіп жатыр
- Оқушылар арасында ауру көбейді: 242 мың бала есепке алынды
- Еліміздің оқушыларына өмірлік қиындықтарды еңсеру дағдылары үйретіледі
- «Заң және тәртіп»: Қазақстан мектептерінде үш жаңа міндетті пән болады
- Үкімет басшысы 100-ден астам мектептің жөндеу жұмысын екі аптада аяқтауды тапсырды
- Трампты қолдау рейтингі 33%-ға дейін төмендеді — бұл оның президенттігі кезіндегі ең төмен көрсеткіш
- Бас прокурор: Шетелдегі 12 алаяқтық байланыс орталығынан түскен миллионнан астам қоңырау тоқтатылды
- «Депрессия» туралы әзіл: NARXOZ университетінің жазбасы сынға қалды
- Алматыда ескі көліктерді арнайы компания арқылы сатып алу тетігі іске қосылады
- Бірінші сыныпта баға қойылмайды: Жаңа оқу жылынан бастап бағалау жүйесі өзгереді