Қазақстан енді қарасорадан қағаз шығарады
Фото: freepik.com
Қазақстан қарасорадан қағаз шығармақ, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл туралы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов мәлімдеді. Вице-министрдің айтуынша, қазіргі таңда инвестор жер таңдап жатқан көрінеді.
«Өндірілетін өнім бойынша айта кету керек, бұл салада өнім түрлері өте көп. Қағаз өнімдерінен бастап, майға дейін өндіруге болады. Алайда бізде техникалық қарасораны өсіруге ғана рұқсат етілгенін ескере отырып, яғни құрамында есірткілік зат болмайды, негізгі өнім жоғары деңгейде қорғалған қағаз болуы мүмкін», — деді ол.
Азат Сұлтанов қарасорадан қағаз жасау өндірісін Солтүстік Қазақстан облысында қолға алу қаралып жатқанын айтты.
«Бұл өте жақсы экспорттық өнім болады. Яғни, бұл арқылы жеке басын куәландыратын құжаттарды, төлқұжаттарды және әртүрлі арнайы бланкілерді өндіреді», — деді вице-министр.
Айта кетейік, былтыр Қырғызстанда есірткіні заңдастыру ұсынылды. Депутаттардың бірі қарасора сынды табиғи есірткілерді құқық қорғау органдары жойып жіберетіндіктен, жастар арзан синтетикалық есірткілерді сатып алады деп мәлімдеді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық