Қырғызстанда есірткіні заңдастыру ұсынылды
Фото: instagram/dastanbekeshev
Қырғызстанда депутат Дастан Бекешев есірткінің жеңіл түрін заңдастыруды ұсынды, деп хабарлайды Orda.kz.
Жогорку Кенеш отырысында Дастан Бекешев есірткіге басқа көзқараспен қарауды ұсынды. Оның ойынша адам – әлсіз жаратылыс, сондықтан алкаголь тұтынса, демек есірткіні де қолдана алады.
«Біз ауыр зұлымдық пен кішігірім зұлымдықты айыра білуіміз керек. Мысалы синтетикалық есірткіні тұтынған адам – ауыр зұлымдық шеңберінде жүр. Мүмкін кәмелет жасқа толған азаматтар үшін есірткінің жеңіл түріне рұқсат берерміз?», – деп ұсынды депутат.
Оның айтуынша, қарасора сынды табиғи есірткілерді құқық қорғау органдары жойып жіберетіндіктен, жастар арзан синтетикалық есірткілерді сатып алады. Бекешев бұл тақырыпты бірінші рет көтеріп тұрған жоқ. Осыдан 5 жыл бұрын ол «Манас» авиабазасында ойын аймағын құруды және сол шекарада есірткі сату мен қолдануды заңдастыру жөнінде ұсыныс тастаған болатын.
Айта кетейік, 2014-2017 жылдары Қырғызстан Ұлттық банкінің басшысы болған Толкунбек Абдыгулов та осыған ұқсас ұсыныс жасаған болатын. Ол туризмді дамыту үшін марихуана сатуға рұқсат беру керектігін айтқан еді.
Жаңалықтар
- Астанадағы нөсерден кейін көшеден 100-ден аса көлік нөмірі табылды
- АҚШ пен Сауд Арабиясы арасындағы ядролық келісім неге дауға айналды?
- АҚШ пен Ұлыбритания Ормуз бұғазындағы кеме қатынасын қорғау мақсатында халықаралық коалиция құрмақшы
- Өз стадионын Канье Уэстке қалдырып, «Қайрат» Түркістанда ойын көрсетеді
- Өз қарызын жабам деп басқаны қарызға батырған әйел сотталды
- Тамыз айында Қазақстанның бірқатар өңірінде қуаңшылық болады
- Қытай мен Еуроодақ арасында «сауда соғысы» басталды
- Астанадағы әуетакси сынағы: Алғашқы вертипорт қайда салынады?
- «Тек жәбірленушінің жауабымен соттады»: 15 және 25 жылға сотталғандардың туыстары дабыл қақты
- Ұлттық банк базалық мөлшерлемені қайтадан төмендетті — 16,75 %
- АҚШ-тың жаңа кедендік баждары: Қазақстанға қатысы бар ма?
- ІІМ блогерлер мен ақпараттық ресурс иелеріне иелеріне ескерту жасады
- «Алтыналмас» АҚ кен орнында жұмысшы қаза тапты
- ЕО Google компаниясына 890 млн еуро айыппұл салды
- Астанада көкөніс дүкеніне кіріп кеткен көлік 15 жастағы қызды жаралады
- ҚР СІМ серіктес елдерді КҚК-дағы танкерлерге жасалған шабуылдарды айыптауға шақырды
- 15 минуттық жаңбыр Астананы Венецияға айналдырды
- Прокурор Нұрай Серікбайға 35 рет пышақ салынғанын мәлімдеді
- 73 пайызы ауыр: Біздің шенеуніктер қандай қылмысқа құмар?
- Ақтөбеде жүргізушіге ескерту жасаған ер адамды ұрлап кеткен