Қазақстан ЕАЭО елдері арасында жұмыссыздық деңгейі бойынша алдыңғы қатарда
Фото: Егемен Қазақстан
Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдері арасында жалпы жұмыссыздық деңгейі бойынша бірінші орында емес, бірақ тіркелген жұмыссыздардың үлесі бойынша – ең жоғары көрсеткішке ие, деп хабарлайды Orda.kz.
Тіркелген жұмыссыздық (ресми түрде жұмыссыз ретінде есепте тұрғандар) бойынша Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) 2025 жылғы маусым айының соңындағы деректеріне сәйкес, Қазақстан – 334,7 мың адам, яғни жұмыс күші санының 3,3%-ын құрайды.
Одан кейінгі орындарда: Армения – 3,1%, Қырғызстан – 2,1%, Ресей – 0,5%, Беларусь – 0,1% тұр.
Бұл статистика тек жұмыспен қамту орталықтарына тіркелген азаматтарға ғана қатысты. Мысалы, Қазақстанда тіркелген жұмыссыздар жұмыссыздық бойынша әлеуметтік төлем алуға құқылы.
Жалпы жұмыссыздық деңгейі (Халықаралық еңбек ұйымы – ХЕҰ әдістемесі) бойынша бұл көрсеткіш жұмыс іздеп жүрген, бірақ жұмыспен қамту орталығына тіркелмеген азаматтарды да қамтиды.
2025 жылдың I тоқсаны бойынша:
- Армения – 13,9% (ең жоғары)
- Қазақстан – 4,6%
- Қырғызстан – 3,7% (2024 жылғы дерек)
- Беларусь – 2,6%
- Ресей – 2,3%
- ЕАЭО бойынша орташа – 2,8% болды.
Тіркелген жұмыссыздар үлесі бойынша Қазақстан ЕАЭО-да бірінші орында. Жалпы жұмыссыздық деңгейі бойынша Қазақстан Армениядан едәуір төмен тұр және ЕАЭО аясында ортадан жоғары деңгейде тұр, бірақ алдыңғы қатарда емес.
Айта кетейік, мамандардың айтуынша, ең төменгі жалақының (ЕТЖ) өсуі автоматты түрде жұмыссыздықтың артуына әкелмейді, керісінше, бұл еңбек нарығын икемді реттеуге мүмкіндік береді.
Қазақстанда «жұмыссыздық бойынша жәрдемақы» деген ұғым жоқ, бірақ әлеуметтік төлемдер бар.
Orda.kz редакциясы «Еститін үкіметке: Аралтұздағы жұмыссыздық және қарапайым жұмысшының көрген теперіші» деген тақырыппен Арал тұрғындарының әлеуметтік қиындықтары жайлы зерттеу жүргізді.
Жаңалықтар
- Министр: Тұрғын үй бағасының зейнетақы жинағына қатысы жоқ
- Әскерде зорландым деп ақша жинаған адам сотталды
- Енді темекі шегетіндер өкпе обырына тегін тексеріле алады
- Тамыздан бастап Қазақстанда не өзгереді: Жүргізуші куәлігі, жаңа сайлау
- Махамбет Өтемісов атындағы университеттің ректоры ұсталды деген ақпарат тарады
- Дастан Сәтпаев «Челси» сапында дебют жасады
- 31 жастағы ер адам 74 жастағы әйелді пышақтап өлтірді
- Астанада өз бетінше автобус жуып жүрген жігіттің әрекеті мемге айналды
- Нұрай Серікбайдың ісі: Сот алқабилерсіз өтуі мүмкін, жәбірленуші тарап тікелей эфир талап етті
- Жаңа талап: Жүргізуші куәлігін жарамсыз етуге қандай негіз бар?
- Қорапқа салып берді: Жаңа туған үшем Алматы облысындағы ауруханада шетінеп кетті
- Қазақстан қорықтарында 19 орман өрті тұтанды
- Трамп Канададан келетін тауарларға 50 пайыздық баж салығын енгізді
- Тоқаев Испания құрамасын футболдан әлем біріншілігіндегі жарқын жеңісімен құттықтады
- ӘЧ-2026: Испандар жеңісі үшін гауһар тасты 30 алтын жүзік алады
- Павлодар облысында құдыққа түскен алты адам қаза тапты: Марқұмдардың ең жасы 16 жаста
- Әлем чемпионаты – 2026: Турнирдің үздіктері анықталды
- Месси мен Роналду дәуірі аяқталды: 2026 жылғы әлем чемпионаты несімен есте қалды?
- Ескертуге қарамастан КҚК теңіз терминалындағы мұнай танкеріне тағы шабуыл жасалды
- Венесуэладағы жер сілкінісі құрбандарының саны бес мыңнан асты