Қазақстан Алматыда ресейлік ЖОО филиалын ашпайтын болды
Фото: Alexandru Panoiu / Wikimedia Commons, CC BY 2.0
Қазақстан тарапы Новосібір мемлекеттік университетінің (НМУ) Алматыдағы филиалын ашу жобасын уақытша тоқтатуды сұрады, деп хабарлайды Orda.kz.
Филиалды ашу жоспары кейінге қалдырылғанын НМУ ректоры Михаил Федорук ТАСС агенттігіне берген сұхбатында мәлімдеді.
«Бұл бастамадан бас тартқан жоқпыз. Филиал ашуды ең алдымен Қазақстаннан шыққан біздің түлектер қолдаған еді. Бірақ әзірге ол жобаны, негізінен, Қазақстан тарапының өтініші бойынша тоқтата тұруға тура келді», – деді Михаил Федорук.
Ресейлік ЖОО-ның филиалы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің базасында ашылады деп жоспарланған болатын.
Orda.kz редакциясы осы мәселе жайлы ҚазҰУ-ға ресми сауал жолдайды.
Алматыдағы НМУ филиалында жиырмаға жуық жаратылыстану бағыты бойынша мамандар даярлау көзделген еді. Олардың қатарында мұнай-газ жүйелерін модельдеу, биоинформатика, ядролық медицина, мұнай-газ және тау-кен саласындағы геофизика мамандықтары бар.
Бұл жоба уақытша тоқтатылғанымен, Астанада МГИМО оқу орнының филиалы ашылды.
Жаңалықтар
- ӘЧ-2026: Майкл Олисе пас беру саны бойынша Пеленің рекордын жаңартты
- Қазақстанда үш бірдей орман өрті сөндіріліп жатыр
- Түркістанда «Шәмші әндері» фестивалі аншлагпен өтті
- Алакөлде бір адам қаза тауып, зейнеткер әйел екі аяғынан бірдей айырылды
- Францияның бас бапкері Дидье Дешам кетті, орнына Зинедин Зидан келе ме?
- Венгрия президенті өзін қызметтен кетіретін түзетуге қол қойды
- Нұрай Серікбайдың қазасына қатысты сот 21 шілдеде басталады
- ӘЧ-2026: Мбаппе ең үздік шабуылшы атанып, Мессиден асып түсті
- Қатты ыстықтан Қазақстанның үш облысындағы жол бұзылды
- +42 градусқа дейін: Алматы аптап ыстықпен аэрация арқылы күресіп жатыр
- Бір түнде 14 рет: Мексика жағалауында 7,4 балдық күшті жер сілкінісі болды
- Сарыағашта арнайы есепке ілінген жүздеген адам жүргізуші куәлігінен айырылды
- Астананың бір көшесі жыл соңына дейін жабық болады
- «Ежелгі дәуірден бүгінге дейін»: Ел тарихын баяндайтын жеті томдық академиялық еңбек дайын
- Air Astana-дағы миллиардтық ұрлық: Апелляция үкімді өзгертпеді
- Көбейтұз көлі ерекше қорғалатын аумақтар қатарына қосылады
- Қытайда тау беткейі опырылып, сегіз адам қаза тапты
- Жыл соңына дейін теңізге 1,2 миллиард текше метр су құйылады: Арал қалпына келе ме?
- Иран Таяу Шығыстағы АҚШ-тың радарлары мен ұшақтарына соққы жасады
- 19 шілдеден бастап Қазақстанда бірыңғай QR-код іске қосылады