Қазақстан 34 млрд доллар сұраған халықаралық төрелік сотта Белавинді жеңді
Фото: Informburo.kz
Әділет министрлігі 1997 жылғы Қазақстан мен Қырғыз Республикасы арасындағы екіжақты инвестициялық келісім негізінде Евгений Белавиннің бастамасымен Қазақстан Республикасына қарсы Халықаралық сауда құқықтары жөніндегі комиссияның (United Nations Commission on International Trade Law) төрелік талқылауының тоқтатылғаны туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұған дейін қырғызстандық инвестор Қазақстан билігін құқығын таптады деп айыптап, құзырлы органдардың нақақтан-нақақ іс қозғап, өзін қамап, компаниясын жауып тастағанын мәлімдеген болатын. Ол активтерінен айырылып шығынға батқанын айтты.
Ал инвестицияға қатысты дауда Белавин 34 миллиард доллардан астам өтемақы талап еткен болатын.
2025 жылғы 1 қыркүйекте БҰҰ жанындағы халықаралық төрелік трибунал төрелік талқылауды дереу тоқтату туралы шешім қабылдады.
Е. Белавинді трибуналдың және соттың барлық шығындарын төлеуге, сондай-ақ төрелік талқылау барысында Қазақстан Республикасы шеккен барлық шығындарды өтеуге міндеттеді.
Бұл ретте трибунал Қазақстан Республикасының ұстанымын толығымен қолдады және Қазақстанға қарсы заңсыз іс-әрекеттер туралы барлық айыптауларды қабылдамады.
Еске сала кетейік, жақында рақымшылыққа іліккен Жомарт Ертаев бостандыққа шықты.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық