Қазақстан $1,5 млрд еуробонд шығарды
Фото: Elements.envato.com
Қаржы министрлігінің мәліметіне қарасақ, аталған шара елдің қаржылық тұрақтылығын нығайтады. Қазақстан 9 жылдан кейін алғаш рет еурооблигациялар нарығына оралды. Еліміз 10 жыл мерзімге $1,5 млрд сомасына еуробонд шығарды. Купондық ставка мен кіріс 4,714% құрады, деп хабарлайды Orda.kz.
Қаржы министрлігінің мәліметтеріне сүйенсек, Еврооблигациялар немесе еyробондар – шетелде мемлекеттік немесе корпорациялық сектор тарапынан шығарылатын бағалы қағаздар. Бұл 1 жылдан 40 жылға дейін ұзақ мерзімді қаржылық ресурс алуды көздейтін қарыздық міндеттемелер.
Еyрооблигациялар Лондон қор биржасында және «Астана» Халықаралық қаржы орталығы биржасында орналастырылды. Халықаралық мәміле ұйымдастырушылары ретінде Citi, JPMorgan, Societe Generale, ал Қазақстандық ұйымдастырушы ретінде «BCC Invest» АҚ шықты. Мәмілеге жоғары инвестициялық рейтингке ие елдер үшін ғана қолжетімді болған бір күндік виртуалды роуд-шоу өткізілді.
«Бір күн ішінде АҚШ, Ұлыбритания, Еуропа, Азия және Таяу Шығыс елдерінен 100-ден астам инвестормен консультация жүргізілді. Бұл Қазақстан Республикасына халықаралық капитал нарығында сенімді және жоғары сапалы эмитент ретінде жоғары деңгейде қызығушылық пен сенімділікті көрсетеді, - деді министрлік.
Сонымен қатар, табысты орналастырудың маңызды факторы ретінде Moody’s агенттігінің Қазақстанның мемлекеттік рейтингін Baa1 деңгейіне (тұрақты болжам) көтеруі аталды.
Қаржы министрлігінің мәліметінше, орналастырудың уақтылығы арқасында шығарылым көлемі мен бағасы бойынша оңтайлы параметрлерге қол жеткізілді.
«Жалпы өтінімдер тұрақты өсім көрсетіп, шамамен $6 млрд-қа жетті, бұл купондық ставка мен кірістілікті 4,714% деңгейінде, АҚШ мемлекеттік облигацияларына қатысты 88 базалық тармақ мөлшерінде сыйақыға мүмкіндік берді, - деп хабарлады министрлік.
Ведомство мәліметінше, мұндай спред 10 жылдық мемлекеттік облигациялары бар дамушы елдер үшін рекордтық көрсеткіштердің бірі саналады.
«Салыстырсақ, 88 базистік тармақ «А» деңгейіндегі рейтингке ие бірқатар елдердің, мысалы, Сауд Арабиясы, Чили және Польша сияқты, екінші деңгейден төмен. Бұл халықаралық инвесторлардың Қазақстанның экономикалық, қаржылық және әлеуметтік саясатына жоғары сенім білдіретінін көрсетеді, - деп мәлімдеді ведомство.
Министрлікте айтылғандай, еурооблигациялардың шығарылуы елдің қаржылық тұрақтылығын нығайтады және экономикалық өсімін қолдайды. Сонымен қатар, орналастырудың қолайлы шарттары Қазақстанның басқа да эмитенттері, соның ішінде квазимемлекеттік және корпоративтік сектордың халықаралық капитал нарығына шығу үшін бағдар беретін болады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық