Павлодарда өгей қызын зорлаған ер адам 23 жылға сотталды
Коллаж: Orda.kz
Павлодарда өгей қызын зорлаған ер адам 23 жылға сотталды. Зорлық жасаған көпбалалы әкенің ірі кәсіпорында жұмыс істегені белгілі болды, деп хабарлайды Orda.kz.
Сот оны өгей қызын зорлағаны үшін колонияға жіберді. Ол Қылмыстық кодекстің «зорлау» және «кәмелетке толмағандарға қатысты күш қолдана отырып немесе күш қолдану қаупін төндіріп, жәбірленушінің дәрменсіз жағдайын пайдаланып жасалған жыныстық сипаттағы зорлық әрекеттері» айыптары бойынша сотталды.
Ер адамға 23 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сондай-ақ сотталушы моральдық зиян үшін сегіз миллион теңге өтемақы төлеуі тиіс.
Сот жабық түрде өтті.
Ер адам қызды алғаш рет сегіз жасында (2017 жылы) зорлаған.
Сол кезде болашақ өгей әкесі оның анасымен кездесіп жүрген еді. Кейін екеуі заңды некеге отырып, отбасы Майқайың ауылына көшті. Сол жерде өгей әке баланы қорлауды жалғастырған.
Сотталған адам төрт кішкентай баланың әкесі, ұсталғанға дейін Павлодар облысындағы алтын өндіретін кәсіпорында слесарь-жөндеуші болып жұмыс істеген.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Еске сала кетсек, Павлодар облысында бүкіл елді есеңгіреткен тағы бір қылмыстық іске нүкте қойылған еді. Өгей әкесінің төрт бірдей қыз баланы бірнеше жыл бойы зорлап келгені белгілі болып, сот оны 20 жылға бас бостандығынан айырды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық