Ресей ресми түрде Ауғанстан билігін мойындады
Фото: ТАСС
Ресей Федерациясы Ауғанстан билігін заңды деп таныған алғашқы мемлекет болды, деп хабарлайды Orda.kz.
Ауғанстанды мойындау туралы шешімді Путин Лавровтың ұсынысы бойынша қабылдады. 1 шілдеде Мәскеуге Ауғанстанның Ресейдегі жаңа елшісі Гуль Хасан келді. Ал 3 шілдеде Ресей сыртқы істер министрінің орынбасары Андрей Руденко одан сенім грамоталарының көшірмелерін қабылдады.
ТАСС басылымының мәліметіне қарасақ, 2021 жылғы жазда билікке келгеннен кейін тәліптер елдің ресми атауын Ауғанстан Ислам Әмірлігі деп ауыстырды.
Бірнеше күн бұрын Ауғанстанның Ресейдегі елшілік ғимаратында республика кезеңіндегі қара-қызыл-жасыл ту ілулі тұрған еді. Бүгінде ғимарат үстіне Талибандардың алғашқы билігі 1996–2001 жылдар аралығындағы ту қайта қойылды.
2023 жылдың соңында Қазақстан Талибанды тыйым салынған ұйымдар тізімінен алып тастады.
Әрине, Тәліптер билікке келген соң, ондағы қатаң түзімді естіп, біліп отырмыз. Жақында БҰҰ Бас Ассамблеясы отырысында осы елдердің сыртқы істер министрлері ауған әйелдеріне салынған қатаң шектеулерді айыптап, тәліптерді халықаралық құқық талаптарын сақтамағаны үшін жауапкершілікке тарту жоспарын жариялады. Ал елдегі жоқшылық жұртты тарықтырып отыр. БҰҰ деректеріне сүйенсек, 25 миллион, яғни елдің тең жартысы жоқшылық пен аштықта қиналып жатыр. Сол миллиондардың арасында біздің қандас бауырларымыз бар.
Orda.kz тілшісі ауған жеріндегі қазақтарға хабарласып, хал-жағдайларын сұраған еді. Олар намаз оқымаса сабайтындарын, қазақ болған соң басынатындарын, қыздарды діни киімге орап, білім алуына тыйым салғанын ашық айтқан еді. Толығырақ тілшіміздің мақаласынан оқыңыз.
Айта кетейік, ВВС Ауғанстандағы 15 жасар қыздың сотта ажырасуға қол жеткізіп, жеңгені жайлы ақпарат шығарған болатын. Алайда тәліптер билікке келген соң, күйеуі некені қайта заңдастыру жайлы арыз беріп, жеңіске жетті. Ауғанстанның билігіне келгеніне 3 жыл тәліптер осылайша кәмелеттік жасқа толмаған қыздарды некеден қорғайтын заңды өзгертіп жатыр.
Сонымен қатар, Талибан билігі әйелдерге тек ер адамдармен ғана емес, басқа әйелдермен де ашық сөйлесуге тыйым салды.
Жаңалықтар
- Семейдегі жаппай тексеру түрмеден адам қашқанына қатысты ма?
- АҚШ 50 елдің азаматтарына 20 мың долларға дейін визалық кепілдік енгізеді
- Ағайынды алты егіз мерзімді әскери қызметін бірге өткеріп жүр
- TikTok-тағы алаяқ «ҰҚК майорына» Петропавлда үкім шықты
- Түркияға жұмыс істеуге кеткен қазақстандық Грекияда 125 жылға сотталды
- Қазақстан Конституциясы мен домбыра Памир шыңына көтерілді
- «Қарасора – 2026»: Есірткі тасушы «жұмысын бастаған» әйелден 113 түйіншек табылды
- UIM F1H2O әлем чемпионаты: Орталық Азия мемлекеттері президенттері қатысты
- Әлемдік жанжал: ФИФА коммерциялық құқықтарын жеке инвесторларға сатпайтын болды
- Президент Қостанай облысының құрылғанына 90 жыл толуымен тұрғындарды құттықтады
- Энергетика министрлігі: КҚК мен жүк жөнелтушілер арасында тұрақты байланыс орнатылды
- Қостанай облысында жол апатынан екі адам қаза тауып, төрт жолаушы түрлі жарақатпен ауруханаға түсті
- Жамбыл облысында пара алды деген күдікпен полиция бөлімі бастығының орынбасары ұсталды
- ЖИ бақылаудан шығып, компанияларға шабуыл жасап жатыр
- Бір тәулікте Сеутаға 50 мың мигрант қашып келіп, 57 адам қаза тапты
- Тамыз айында еліміздің ауа райы қандай болады?
- Есіл өзенінде 20 жастағы жігіт қаза тапты: Денесі әлі іздестіріліп жатыр
- Future Games: Қазақстан намысын жалғыз команда қорғайтын болды
- УЕФА мен оған мүше 55 ел ФИФА жарыстары мен Әлем чемпионатына бойкот жариялады
- Зорланғанын айтқан қыздың арызын елемеген полицейлерге сот үкімі шықты